Әли Оқапов сахналық костюмдерін, Дәурен Айдарқұлов қол сағатын сатпақ! Жұлдыздар жеке заттарын бәссаудаға қоймақшы.

Сообщить о проблеме с эфиром

Таяуда ғана Хабиб Нұрмағаметовтың Дастин Порьені жеңген соң киген футболкасы аукционға қойылып, 100 мың долларға сатылып кеткенді. UFC чемпионы бұл қаражаттың бәрін қайырымдылыққа жұмсады. Спортшының бұл игі әрекеті Әли Оқапов та қанаттандырғандай.

Әли Оқапов, әнші

- Қымбат емес, аукционның басты мақсаты сол қайырымдылық болса, мен үшін басты талаптардың бірі. Өйткені, сондай ұсыныстар болды негізі. Жай ғана сатып алу үшін емес, бір пайдасын тигізу үшін

мен қарсы емеспін.

Дегенмен, сері бәссауда қатысушыларын аса қызықтырып, делебесін қоздырарлық құнды дүниесінің жоғын мойындайды. Ол үшін ең бастысы жиналатын қаржы емес, қойылған заттың өтіп, абыройының артуы екен.

Әли Оқапов, әнші

- Сахналық киім шығар, менде одан артық бір қымбат, қайталанбас дүние жоқ. Өмірімде мүмкін сол сахналық киімімді қоятын шығармын.

Өзінің бас кумирі Майкл Дженксонның бір дүниесін еншілеу, Әлидің бала арманы. Тек оның құны тым қымбат. Мәселен, поп-музыка королінің бір қолғабының өзі 51 880 долларға сатылып кеткені есімізде.

Дәурен Айдарқұлов, актер

- Аукцион? Ммм, хороший вопрос ...я бы наверное

Біраз ойланып, жұбайы Ақботаның нұсқаумен актер жігіт сағатын аукционға қоюға болатынын ұқты.

Дәурен Айдарқұлов, актер

– Туған күніме сыйланған сағат болғандықтан мен үшін тым бағалы. Оның үсітіне, Ақбота сыйлаған болатын. Сондықтан, бағасы да қымбат болар еді.

Сүйіктісінің сыйлығын бәссаудаға беруге қиған жігіт, бағасын шарықтатып қоятынын ұқтық. Бірақ, бұл шешімін өнердегі бауыры әнші Әли Оқапов құптамайды...

Әли Оқапов, әнші

- Ол қанша болса емес, сатылып кетсе деген баға болу керек, пайдасы тисін дегендей. Егер қалып қойса пайдасы нөл болады, онда не үшін қойдың дегендей, сондай ыңғайсыз жағдай болмас үшін бағасын қатты қымбат қоймас едім.

Енді, болашақта қазақ шоу-бизнес өкілдерінің заттары жаппай сатылымға қойылып жатса, таң қалмаңыздар!