Нтк-да жаңа маусым! Осы күзде экранға қандай туындылар шығады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Осылайша үш маусым бойы өз көрерменін қуантып келген «Ауылдастар» телехикаясының түсірілім тобы кезекті жұмысын бастап кетті.

- Ей, Еділ! Бері келші бері.

- Да, мой хозяин!

  • Ты сказал что в интервью у какого-то появится девушка. У кого?
  • Я этого не могу сказать.
  • Ты этого не говорил?
  • Говорил, появится только одна девушка. Но не могу сказать чья это девушка

Оқиға желісі әдеттегідей төрт жігіттің бастан кешкен шытырман оқиғаларынан құралған. Ауылдың тұрмыс-тіршілігін баяндайтын сериалды түсіру үшін, команда бір ай бойы Алматы іргесіндегі Елтай елдімекенінде тұрып келген.

30-ға жуық адамнан құралған шығармашылық топ күн-түн демей түсірілім алаңында. Тіпті, жеке мейрамдары туған күндерін де осында атап өтуде. Себебі, көрермен күтпейді. Сол еңбектерінің жемісін, қазан айында назарларыңызға ұсынбақ!

Еділ Анарбай, актер

- Мен қазір сіздерді тек қана ассистентермен таныстырам. Костюммен әрлеуші ммм қыз. Ассистенті. Есімі – Сая! Кеше ғана бізде Саяның туған күні болды, сол себепті сіздерде шапалақтап қойсаңыздар болады

Ал, бұл «Бақыт құшағында» атты жаңа телехикаяның түсірілім кезеңі. Режиссер әрбір кадрын пысықтап әлек. Өйткені, 60 сериядан тұратын туынды үлкен дайындықты қажет етеді.

Жанна Орынбасарова, әнші

- Бұл сахна емес, бұл спектакль емес, бұл кино, бұл сериал. Бұның полнометражный фильмнен де ерекшелігі бар екен, басқаша. Бұл жерде барлығы жылдам болу керек екен, тез-тез уақыт жоқ.

Айта кету керек, басты рөлге әнші Жанна Орынбасарова тағайындалды. Режиссердің айтуынша, кейіпкердің мықты образын ол түгелдей аша алады.

Жанна Орынбасарова, әнші

- Ең басында өте қиын болды, мен әрине профессионалды актер болмағандықтан технический жағынан қиындықтар болды. Енді бір айдан кейін оңай болды.

Қазір команданың түсірілім алаңына төселіп алғаны соншалық, күніне 15-20 сахнадан түсіріп жатыр. Актерлық құрам да кейіпкерлердің образын ашу үшін барын салуда.

Жүнісов Бекзат, актер

- Басты рөлді сомдап жатырмын, Асқар деген жігіттің рөлін. Ол өзінің сөзінде тұратын жігіт. Бірақ, наркоман. Оның наркоман болуының себебі, іші жылап жүреді да. Сондықтан ол іші жылап жүргенін көрсетпеу үшін таблетка, наркотиктар қабылдап жүреді.

«Боксерша»! Жаңа маусымда көрерменмен қауышар тағы бір туынды. Режиссердің айтуынша, бұл телехикаяның уақытша атауы!

Олжас Нұрбай – режиссер

- «Боксерша» деген рабочее название. Яғни, атын өзгертеміз. Қазақшаға келтіреміз. «Боксер қыз» деген аса ұнап тұрған жоқ. Сондықтан басқа нұсқаларды іздейміз. Енді, бұл подросток қыз жайлы. 15, 16, 17, 18 жас. Осы төрт жыл бойы болатын, басынан өткен хикаяларды сипаттаймыз. Шешесі алқаш, әкесі түрмеде отыр, көшеде өскен қыз.

Аталған туындының бәрі жаңа маусымда НТК арнасынан көрерменге жол тартады.