«Жас сахна» Шыңғыс Айтматовтың «Жәмиләсын» қазақ тілінде қойды!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Жас сахна» театрында тұсаукесер! Өнер ордасының тарихында алғаш рет қазақ тіліндегі спекталь көрермен назарына ұсынылды. 4 жылдан аса тек орысша қойылымдар көрсетіп келген ұжым, өз аудиториясын кеңейтуге ниетті.

Жастар театры «Жәмилә» спектаклімен жаңа маусымын ашты. 2 жылдай уақыт ізденісте болған труппа, Шыңғыс Айтматовтың повесіне жан бітірді. Драма, әрі комедия жанрларын тоғыстырған қойылым сұм соғыс кезінде тылда жұмыс істеп, күн көрген жастар жайында. Сүйіктісін майданға жіберіп, жолын сарыла күтетін Жәмилә арудың хикаясы суреттелген.

Қуаныш Керімқұлов, «Жас сахна» театрының директоры:

- Шыңғыс Айтматоватың «Жәмиләсын» алғымыз келді. Себебі махабббат. Себебі, ол тылсым құдіретті таусылмас күш қай кезеңде де бола берген, бола беретін де. Ұлы сезім болғандықтан осы тақырыпты қозғап көрдік. Өйткені спекталь барысы бойынша, соғыс болып жатса да, қандай кезең болып жатса да, махаббат жеңеді.

Ал, Жәмиләнің образында театр актрисасы - Ақниет Орынтай. Еркекшора қыздың кейпіне енетін ару, көрерменге «Дочь Чингизхана в 21 веке» фильмі арқылы таныс.

Бикеш тың туынды келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды деп отыр.

Ақниет Орынтай, «Жас сахна» театрының актрисасы:

- Өмірде біз, қалжыңдаймыз, әзілдер қосамыз. Сондай нәрселер бар, өте қызықты бір деммен өтеді спектакль ішіне кіргенде де, күшті бір жанып, энергия алатындай кіресің. Өзінің бір қасиеті бар осы спектакльдің.

Қойылымға басы-аяғы 10 шақты актер жұмылдырылған. Ал, режиссерлық тізгін Қырғызстандық Ұлан Қарыпбаевқа бұйырған.

Айгерім Мұстафа, «Жас сахна» театрының актрисасы:

- Қазақша спектакль қоймас бұрын біз қатты қобалжыдық. Әлі күнге дейін көрерменді үйрете аламыз ба деген қорқыныш бар. Себебі тек орысша қойылымдарға келіп жүрген аудиторияға бұл тосын сый болды.

Ауыр кезеңді сипаттайтын спектальде, халық әндерді де шырқалады. Бұл тек бастамасы деген «Жас сахна» ұжымы, қазақ тілді репертуарларын әлі де толықтырамыз деп отыр