Наташа Королевамен дуэт айту үшін Бүркіттің қалтасы қаншаға қағылды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Аиша асып берген еттің дәмі еліктірді ме, Бүркітпен айтқан дуэттерінен соң қазақтың тойына шақырту жиіледі ме, ресейлік әнші Наташа Королева біздің елге ат басын бұруға асық.

Нашата Королева, әнші, Ресей

-Қазақстанға жиі келе бастағаным рас. Себебі, мен сіздердің жұлдыздарыңыз Бүркітпен тығыз шығармашылық һәм достық байланыстамын.

Алдыңғы буын үшін жастық шақтың нышанына айналған Наташа Королева, кез-келген жанмен дуэт жазбайтынын мойындайды. Таңдауы неге Бүркіт мырзаға түскені бізді де таң қалдырды.

Нашата Королева, әнші, Ресей

- Бүркіт қазақша, мен орысша партияларды орындасақ бәрімізге де жеңіл болар еді. Бірақ, біз оңай жерде олжа жоғын жақсы білеміз. Сондықтан, «қазақша айтамын» дедім. Қазақ тілі өте бай, әдемі тіл тек ауырлау екен.

Бұл ерекше тандем Бүркіт мырзаның да тыңдармандарын тәнті еткені анық. Бірақ, ортақ істен гөрі оларды өмірде не байланыстыратыны қызық...

Бүркіт, әнші

- Кейбіреулері ойлап жатыр соншама ақша шашты сол Наташа Королевамен өлең айту үшін. Жоқ, бір тиында шашқан жоқпын. Бұл тек қана достық ретінде жасап жатырмыз. Біздің үйге келіп тағы да ет асып, қарсы алып дегендей.

Бұл шығармашылық одақтың ұзаққа созылар түрі бар. Себебі, ресейлік әнші Қазақстанға өзге жұмыстарымен келсе де, Бүркіттің үйіне соқпай кетпейді. Ал жұлдызды отбасының әрқашан Наташа үшін дастарханы жаюлы, есігі айқара ашық.

Бүркіт, әнші

- Негізінде ол көңілі ашық, өте жақсы кісі. Анандай ақшаны жақса көреді деп айта алмаймын. Біздің творчествалық ортамыз ақшаға байланысты емес. Бұл жерде барлығы құрметпен өтіп жатыр.

Енді Бүркіт мырза Королевамен тағы бір бейнебаян таспалап, концерт беруді көздейді.

Бүркіт, әнші

- Тағы да бейнебаян түсірейін деп жатырмыз, көктемге қарай, құдай қаласа. Екінші бейнебаян түсірейін деп жатырмыз. Келесі жылдың күзінде мүмкін, бұйыртып жатса Бүркіт, Наташа, Аиша деген қосалқы концерт берейік деп жатырмыз.

Наташа Королева болса, келер жылы Қазақстанда жеке концертін бермекке білек сыбанып отыр.

Нашата Королева, әнші, Ресей

- Келесі жылы Қазақстанға келіп концерт беремін деген жоспарым бар. Құшақ жая қарсы алар жандардың бар екені қуантады.