Жуырда үлкен экрандарда! Киномандар асыға тосқан туындылар қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Үрейлі фильм десе, ішкен асын жерге қоятын жандарға жағымды жаңалық! Қаламгер Стивен Кингтың романы желісімен таспаланған «In the Tall Grass» картинасы көрерменге жол тартпақ. Киногерлер ұжымы хоррордың алғашқы трейлерін де ұсынды.

Патрик және Рейчел Уилсондар басты рөлді сомдайтын лентада, ағалы – қарындасты егіздердің бастан өткергені баяндалады. Сюжет бойынша, бауырлар сәбидің шыңғырған үнін естіп, егістік алқабына барады. Дәл сол сәттен оларға тыныш өмір туралы ұмытуға тура келеді.

Ең қызығы, анимациялық кейіпкер Эльзаға да бәз біреудің жәрдемге шақырған дауысы естіліп жүр! «Мұзды өлке» лентасының екінші бөлімі дәл осындай оқиғадан басталмақ. Су жаңа туынды қараша айында үлкен экрандарда көрсетіледі.

Ал, Марк Руффало АҚШ-тағы ауылда неліктен сиырлар жаппай қырылып жатқанын анықтап әлек. Актерге су жаңа «Темные воды» каринасында, шындық іздеген адвокаттың рөлі бұйырыпты. Фильмнің трейлерінде, өнерпаздың әйелі кейпінде Энн Хэтуэйды байқауға болады.

Еске салсақ, аталмыш лента шынайы оқиға желісімен таспаланған. Оның сценарийне АҚШ-та химиялық улы заттарды өзенге ағызған бірнеше компанияның заңсыз әрекеті негіз етілген.