Ресейлік жұлдыздар мен отандық әншілердің ерекше дуэттері.

Сообщить о проблеме с эфиром

Ресей шоу бизнес өкілдерімен дуэт айтуды абырой санайтын жалғыз Бүркіт мырза емес. Бірақ, оны мойындап, жанкүйерлер алдында ашық түрде айтуға жүрексінеді. Дені дуэттерін жазып, бейнебаяндарын түсіріп алғаннан кейін ғана жария етіп жатады.

Көрші елдің жұлдыздарымен ән айтып, топты алғаш болып жарып шыққан Мақпал Исабекова. 2005 жылы «Новая волна» байқауына барып, бақ сынап жүргенде рэпер Доминик Джокермен шығармашылық байланыс орнатты.

Тағы бір айта кететін жұлдызды дуэт – Диана Шарапова мен Сергей Зверев. Шарапованың Ресей шоу бизнесінде атышулы Сергейді таңдауы тегін емес. Көпшіліктің назарын осылайша аудартпақ болғаны тайға таңба басқандай көрініп тұр. Оның үстіне ән де жаңа емес, ел аузында жүрген - «Новогодний бал» туындысы.

Бәрінен де басып озған баяғы Қайрат Нұртас. Аудиториясы үлкен Нюшаға «Алматының түндерін» қазақ тілінде айтқызып, тыңдарманын дүр сілкінтті. Айта кету керек, отандық тыңдарманға Нюшадай әншінің барын Қайрат таныстырды. Ресей жұртшылығы Нұртас жайлы Нюша арқылы құлақтанды.

Қайрат Нұртас, әнші:

- Менің риза болғаным бір күнде мен Москвада болдым. Нюшаға сол әнді тыңдаттым. Бірінші күні «менде келемін» деп сөйлегендері бар ғой рекламада. Артынан Алматыға келіп, кәдімгі қазақшалап, сөйлеп, ұрып тұр. Маған өзіме ұнады. Қиналмаған сияқты...

Өзгелер ресейлік әріптестеріне қазақша ән айтқызып жатқанда Мөлдір Әуелбекова Сати Казанованың «До рассвета» туындысын ана тілімізді шырқаған болатын. Сати мен Мөлдірдің үйлескені соншалық, көпшілік жалғасын бейнебаян ретінде көреміз деп күткен еді. Бірақ, бұл жұлдызды дуэттың серіктестегі сол сахнадан кейін-ақ аяқталған-ды.