Біздің актерлар шетелдік картиналарда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бүгінде отандық актерларға шетелдік киноиндустрияда сұраныс артты! Мәселен, Еркебұлан Дайыров, Игорь Зайцев режиссерлық еткен «Тобол» тарихи драмасында басты кейіпкерлердің бірін сомдаған еді.

Еркебұлан Дайыров, актер:

- Біздің «Номад» каскадерлар тобының жетекшісі Жайдарбек Күнғожинов ағамыз. Сол кісі жаңағы режиссерға Игорь Зайцевқа мен туралы айтып, видео проба арнайы кастингке, жабық кастингке барып қатысып, сол кісінің көңілінен шығып, киноға өткен жайымыз бар.

Берік Айтжанов, Аружан Жазылбекова мен Алтынай Нөгербек те, өзге елдің тарихи туындысында төбе көрсетіп, таңқалтқан еді!

Нақтырақ айтсақ, бұл үштік аспан асты елінің композиторы Си Син Хайдың өмірінен сыр шертетін Қытай мен Қазақстанның бірлескен жобасына түсті. Актерлердың шеберлігі, шетелдіктерді сүйсіндірсе керек.

Джонатан Шень, бас продюсер (ҚХР):

- Қазақстандық киногерлер өте дарынды. Сондықтан, Қазақстанмен бірге ортақ жұмыс атқарғанымызға қуаныштымыз. Әсіресе, Берік Айтжанов пен Аружан Жазылбекованың біліктілігі таңқалтты.

Ал, Тәуекел Мүслім, Асылхан Төлепов пен Гүлназ Жоланова айыр қалпақты ағайынның сүйікті өнерпаздары. Аты аталған актерлардың соңғы екеуі, «Көкпар» картинасында негізгі рөлде.

Руслан Акун, режиссер:

- Басты рөлге актерді ұзақ іздедік. Барлығының ішінен Асылхан бүкіл талаптарға сай келді. Яғни, біріншіден атқа міне білсе, екіншіден актерлік шеберлігі мықты болды. Үшіншіден, елге танылған адам болғанын қаладық.

Экшн, шытырман, қарақшылар қырғыны! Қанды айқас арасында қазақ жігіттері басты қылмыскерлер. Фильмде Санжар Мәди мен Жандос Айбасов бұзақылар бейнесінде. Отандастарымыз сюжет желісі дәл осылай өрбіген Монғол мен Қазақастандық картинаның да жұлдызына айналған еді.

Жандос Айбасов, актер:

- Былайша айтқанда интернационалдық. Бірақ, Монғолияда түсірілген. Продюсерлар монғолдар, оператор, режиссер олар АҚШ-тан келген. Қазақстан тарапынан біз Санжар екеуіміз.

Осылай, шетелдік киногерлердің көзіне түскен актерлер, сәтін салса Голливудты да жаулаймыз деп отыр.