Төреғали Төреәлі Димаш Құдайбергенмен бәсекелеспек!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Ұлы дала баласы» Қытайда үлкен жоба бастамақшы!

Айтқан әрбір сөзі мен істеген әр қимылы қызу талқыға түсетін Төреғали Төреәлі әріптесі Димаш Құдайбергенге бақталас болмақ. Сахнада емес, сауда нарығында...

Төреғали Төреәлі, әнші

- «Төреш шайы» деген жарнама жүреді, Алла қаласа. Жарнамасын түсіріп болдық. Бұйыртса өзіміздің сүйікті арналарымыздан жарнамасы жүреді деген ойдамыз.

Айтуынша, бұл тек жұлдызды әулетке тиесілі отбасылық бизнес болады. Тіпті, анасы шайдың әр түрлі сұрыптарының дәмін көріп, мінсізін таңдаған.

Төреғали Төреәлі, әнші

- Анамның өзінің таңдауымен, былайша айтқанда өзіміздің таңдауымызбен.

Төреғали тіпті жанын салып сатылымын да қадағалайды. Қажет болса, дүкеннің сөрелеріне де өзі жеткізуге әзір.

Төреғали Төреәлі, әнші

-Сәттілік берсе құдай, бәрі күшті болады. Алладан сәттілік тілейміз. Береке тілейміз, әумин!

Енді жатса да, тұрса да «шайдың сатылымы жақсы болса екен» деп тілейтін әншінің жеке шығармашылығы не болмақ?! Әсіресе, көпті толғандыратын «Ұлы дала комедиясы - 2»!

Төреғали Төреәлі, әнші

- «Ұлы дала комедиясының» жалғасы «Ұлы дала боевигі» Алматы-Гонконг, сценарий жазылып бітті. Алла қаласа, жұмыс барысында сіздерді шақырып, сіздерді бөлісетін боламыз.

Киноның түсірілім жұмыстары жуырда бастау алады деп сендірді Төреш. Әнші әрі кәсіпкердің сөзінен ұққанымыз бұл жолы кино екі мемлекетте таспаланады. Қазақстан және Қытай елінің Гонконг қаласында.

Төреғали Төреәлі, әнші

-Бәрі ести ма, бәрі көріп отыр ма? Бәрі көріп отырса, сіздердің назарларыңызға! Жуырда!Қолдауларыңызға, демеулеріңізге рахмет, ағайын!