Жыл тойы! Джастин Бибер мен Хейли Болдуин неке қию салтанатын жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл нағыз – жыл тойы дерсің! Джастин Бибер мен Хейли Болдуин Оңтүстік Королинада шаңырақ көтеру салтанаттарын атап өтті. Күйеу жігіт те, қалыңдық та өмірлеріндегі ең бақытты сәттерінің жұрт назарынан жырақта болуын қалаған. Дегенмен, тойға шақырту алған 154 мәртебелі меймандардың кейбірі үнсіз қала алмады. Кендалл Дженнер, Камила Морроне, Кэти Перри мен Джоан Смоллс сынды қонақтары салтанатта түскен сэлфилерімен бөлісіп үлгерді.

Күйеуімен ат құйрығын үзіскен соң, күйзеліске түскен Адель өз бақытын тапты! Шетелдік таблоидтар әншінің Скептамен көңіл қосқанын жарыса жазуда. Тіпті, рэпердің туған күнін де бірге атап өткен. Бұған дейін, көпшілік Скептаның Наоми Кемпбеллмен байланысы барын білетін. Тіпті, индсайдерлер олардың ортақ сәбилері барын да айтады. Анджелина Джоли Лос-Анджелесте «Малефисента: Зұлмат әміршісі» картинасының тұсауын кесті. Актриса қызыл кілем салтанатына ұл-қыздарын түгел ерте келіпті. Тек, Оңтүстік Кореяда білім алып жатқан Мэддокс ғана бұл қуанышты сәтінде анасының жанынан табыла алмады. Энджи картина кейіпкерлерімен жақын туыстай араласып кеткенін айтады.

Анджелина Джоли, актриса

- Аврораны сомдайтын Эль Фэннинг, 2014 жылы фильмнің алғашқы бөлімін таспалағанда әлі бала еді. Бүгінде, бой жетіп, 21 жасқа толыпты. Сэм Райли болса, сол жылы перзентті болған. Бүгінде, өсіп қалған ұлын түсірілім алаңына ертіп келіп жүрді. Біз бәріміз бүтін бір отбасындаймыз. Анджелина Джолидің туысқандарынан бөлек, тұсаукесерге Мишель Пфайффер мен Эль Фаннингтер де келді.