«Томирис» фильмі отандық прокатта топ жарды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Джей Лоның «Hustlers» картинасы отандық прокатта бірнеше апта қатарынан көш бастаған еді. Бұл жолы 11 млн теңге ғана пайда тапқан америкалық картинаны, «Томирис» тарихи туындысы алдыңғы сатыдан ысырып тастады.

Өткен уик-эндте ғана үлкен экрандарға жол тартқан Ақан Сатаевтың лентасы, қоржынын 225 млн теңгеге жуық қаржыға толтырды. Отандық режиссердің екі жыл таспалаған жобасы, көптің қызығушылығын оятқаны анық.

Картинада Тұмар ханшайымның жақындарынан айрылып, зұлмат замандардағы әділетсіздікпен күресі көрсетіледі. Онымен қоса, батыр қыз массагет тайпасының көшбасшы атанып, қас дұшпанына айналған парсы патшасы Кирді жеңбек.

Кино әлеміне су жаңа туындысымен қайта оралған Брэд Питт, «Жұлдыздарға» фильмімен екінші сатыда. Алғашқы аптада 58 млн кіріс көрген лентаны АҚШ, Қытай және Бразилия елдері бірігіп таспалаған.

Әлемге танымал актер Брэд Питт дәл осы картинада басты ролді сомдаумен қатар, продюсерлік тізігінді де өз қолына алған. Режиссер Джеймс Рей түсірген туынды, өзге ғаламшарда жоғалған әкесін іздеуге кіріскен ғарышкердің оқиғасын суреттейді.

Ал ресейлік «Айдаһардың құпия мөрі» фэнтезиі 51 млн теңгемен үздік үштікті түйіндейді. Әйгілі «Вий» картинасының сиквелі, картограф Джонатан Гриннің хикаясына негізделген. Лента, Джеки Чан, Арнольд Шварценеггер сынды әйгілі актерлық құраммен жасақталған.

Фантастикаға толы фильм Ресей мен Қытай бірігіп түсірген алғашқы туынды.