Джастин Бибер мен Хейли Болдуиннің неке қию салтанатына қанша қаржы жұмсалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

1,3 миллион доллар! Джастин Бибер мен Хейли Болдуин неке қию салтанатына дәл осынша көлемде қаржы жұмсаған. Меймандардың жеке ұшақпен Оңтүстік Королинаға ұшып келуі, төрт жекежай мен бес жұлдызды қонақ үйді түгел жалға алу, той өткен аумақты безендіру, қалыңдық пен күйеу жігіттің киімдері, аз мәзірі мен ішімдіктерге жұмсалған шығын құны осы.

Аста – төк салтанатқа Кайли Дженнер мен Трэвис Скотт та шақырту алғанды. Тек, кеште сәнбике ғана бой көрсетті. Себебі, ғашықтар таяуда ат құйрығын үзіскен. Инсайдерлердің сөзінше, бұл түбегейлі айырылысу емес. Олар уақытша бөлек өмір сүруге бел буған. Көпті енді Стормидің жәйі не болмақ деген сауал толғандырды. Кішкентай ханшайым анасымен де, әкесімен де жиі көрісіп, екеуімен де бірге уақыт өткізеді деп шешіпті қос тарап.

Ал, Гарри ханзада болса, шындап ашуға мінді. Жұбайын үнемі кемсітіп, Меган жайлы түрлі дақпырт әңгіме тарататын таблоидты сотқа берді. Ханзаданың шыдамын шегіне жеткізген герциогиня мен әкесінің месенджерлерде сөйлескен сөздерін жариялап жіберуі болған. Енді, британдық бұл БАҚ авторлық құқықты бұзғаны үшін заң алдында жауап беруі мүмкін.