Димаш Құдайберген екінші бейнебаянының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

Исландияда мұздыаяқ жүріп таспалаған туындысына алғашқы көрермені қандай баға берді?

Әлемге танылған әнші Димаш Құдайбергеннің фанаттарына тосын сый! Өнерпаз көптен күткен «Знай» трегіне арналған бейнебаянының тұсауын кесті.

Туындының авторлығы Игорь Крутойға тиесілі. Ресейлік композитор музыкасын жазса, Алан Бадоев бейнебаянға режиссерлық еткен. Исландияда таспаланған клип бірнеше сағаттың ішінде-ақ 100 мыңнан астам қаралым жинап үлгерді. Мұндай қызығушылыққа қарағанда «dears»-тарға ұнап жатқаны анық.

-Жарайсың Димаш,қазақтың маңдайына біткен алтын ұл. Біз сенімен мақтанамыз!

-Дауысың мен əн керемет!!!

- Философияға толы бейнебаян. Маған ұнады!

«Kesh You» тобы да су жаңа бейнебаяндарын ұсынды. «Қош енді» - жаңа құрам жасақталғалы таспаланған екінші туынды. Бұл жолы лирикалық әнді таңдаған гелзбенд клиптің сюжетінде, қыз бен жігіттің арасындағы махаббат хикаясын баяндайды.

Аша Матайдың туған ағасы Айдар Асқарбек пен актриса Әйгерім Мақсұтова басты ролді сомдаған видеоның идея авторы Баян Алагөзованың өзі.

Зируза мен «Black Dial» тобының экс-мүшесі Арсен Нарханов та махаббаттан бастары айналып жүр. Қос өнерпаз Зирузаның «Соңғы нүкте» бейнеклипінде ғашықтардың образында. Бұл – кью-поп ханшайымы шығармашылығындағы сегізінші туынды.

Аталмыш ән Зирузаның авторлығымен жазылған тректердің бірі. Талантты ару соңғы кездері репертуарын тек баяу әндерді толықтыруда.