Батыр Жүкембаев титулды жекпе-жектен кейін елге оралды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Талантты боксшы Батыр Жүкембаев титулды жекпе-жегінен кейін Канададан елге оралды. Кәсіпқой мансабындағы 17-ші жеңісіне қол жеткізген Батырды, жанкүйерлері мен жақындары Алматы әуежайында қошеметпен қарсы алды!

Батыр Жүкембаев - WBA Continental, IBF Inter-Continental чемпионы:

- Бұл жекпе-жекке мен екі жарым ай дайындалдым, бапкермен жақсы тактика құрдық, бойларын қарадық...ақылмен он раундқа настрой ұстап шықтық, біздің мақсат әрбір раундты ұту керек болды...

Батыр 26 қыркүйекте Монреаль қаласында әлемнің экс-чемпионы мексикалық Мигель Васкесті 10 раундта айқын ұтып, WBA Continental және IBF Inter-Continental чемпиондық бебеулерін еншілеген еді

Батыр Жүкембаев - WBA Continental, IBF Inter-Continental чемпионы:

– Елдің тілеуі дұғасы маған өте қатты сезіледі, артымды осындай елім тұрғаны өте қатты жауапкершілігі сезіледі. Мұндай елім болмаса біздің жеңісіміз түкке ұрмас еді. Сондықтан алғысым шексіз..

Чемпион ұлының рингте жасайтын әр жорығы, үйдегі жанкүйер анасын да бей-жай қалдырған емес.

Гүлжан Жүкембаев – Батыр Жүкембаевтың анасы:

– Көруге жүрегім шыдамайды. Толық ақпараттарды естідім барлығын, қатты уайымдадым, Жеңіс болған кезде жыладым ғой...

"777" лақап атымен танылған Жүкембаев бар-жоғы 2,5 жыл уақыттың ішінде, төрт бірдей чемпиондық белбеуді еншілеген. Батырдың батпандай жұдырығы өнер өкілдеріне шабыт та сыйлайды екен.

Мадияр Серіков «Өнер қырандары» театрының жетекшісі:

- Батырдың бізге рух беретіні, қазақи санамызда бар ғой ұрып құлатып тастауы. Театрдың атынан Батырға өзіміздің шапан, атымыз дайын.

Бүгінде беделді #Boxrec сайтының рейтингінде әлемдегі бірінші жартылай орта салмақтағы 2 мың боксшының ішінде, Батыр 19-шы орынға көтерілді.

Батыр Жүкембаев - WBA Continental, IBF Inter-Continental чемпионы:

- Бұл жекпе-жектің өзі айтып тұр менің үлкен ареналарға,сондай жекпе-жектерге дайын екенімді. Бізге де Голден бойдан ұсыныстар түседі деп ойлаймын, үлкен жекпе жекер түседі деп ойлаймын.

Батырдың ендігі мақсаты АҚШ-тың бокс нарығында тек мықтылармен айқасу.

Мадияр Серіков «Өнер қырандары» театрының жетекшісі:

– Батыр бауырымыз Америкада чемпиондық белбеуге шығатын кезде, біз «Өнер қырандары» ниет етіп отырмыз сол жерге барып көзбе көз қолдау көрсетеміз деп...

Батыр Жүкембаев 6 қазанда Нью-Йоркте өтетін Головкин мен Деревянченко арасындағы чемпиондық жекпе-жекте, Геннадийге сәттілік те тіледі!

Батыр Жүкембаев - WBA Continental, IBF Inter-Continental чемпионы:

– Генаның жеңісіне сенеміз, ол фоворит деп те сенеміз, бірақ та бұл бокс қой, Деревянченконы жақсы білесіздер біздің елде талай өнер көрсетті, осал емес, қызықты жекпе-жек болайын деп тұр.