«Crystalz» тобы хейтерлеріне үндеу жолдады.

Сообщить о проблеме с эфиром

«Crystalz» тобы хейтерлеріне үндеу жолдады. Таяуда ғана құрамы өзгерген гелзбенд, дәл осы тақырыпта «DID» атты трегіне су жаңа бейнебаян ұсынды. Кью-поп бағытында өнер көрсететін қыздар, тың туындыларымен өздеріне кереғар пікір жазатын тыңдарманға ой салуға ниетті.

«Crystalz» тобы:

- Тек қана хейтерларға емес, өлең негізі бізді осы күнге дейін артқа тартып келген адамдарға арналған. Ол адамдар тек қана хейтерлар емес біз үшін. Артқа тартып келген адамдар деген соң, белгілі қандай адамдар екені.

«Crystalz»-тың қыздары шығармашылық жолында талай сынға төтеп берген еді. Тіпті ұжымның экс-мүшелері де осы себептен, топпен қош айтысқаны есімізде.

Ал, гелзбенд аталмыш клиптерін Қырғыз елінде түсірген. Осымен екінші рет өзге мемлекетте видео таспалаған өнерпаздар, ашық-шашық образдарымен тағы да көзге түсті.

«Crystalz» тобы:

- Тым ашық деп санамаймыз. Себебі ол образ. Сахналық образ ол әр түрлі. Мүмкін ашық та болатын шығар. Кейбір жерлерде жабық болады. Сол себепті біз дәл бір, ашық образ ұстанамыз деп айта алмаймын.

«DID» трегін жазуда «Crystalz»-қа «MadMen» тобының жігіттері көмектескен. Бір продюсерлық орталықта өнер көрсететін кью-поп өкілдері, шығармашылықтағы қиындықтарға да бірге төтеп береміз дейді. .

MadMen тобы:

- Қыздармен бірге бірігіп отырып ән жаздық. Жалпы қыздардың шығармашылық жолы өте бір ауырлау болған. Және де бізге келген кезде де олардың қандай состоянияда болғанын көрдім. Бірге болдым. Әндерін бірге жазып жүрдік, бірге бәрін кештік.

«Crystalz» тобы:

- Бізді қанша түсірсеңіздер де, қанша тайдырсаңыздар да, бізде иммунитет бар топта. Сондықтан біз ешқашан тайынбаймыз!