«Димаш сияқты жұлдыз болады!» Айқын кенже ұлы Санжарды танымал ету үшін инстаграм парақшасын ашқаны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Нұржан Керменбаев, әнші:

-Осы балаларымызға Қатөш екеуміз арнайы инста парақша ашсақ? Дұрыс па? Бұрыс па? Кім не ойлайды? Кейде ашу керек сияқты боп көрінеді. Сосын, болашақта өздері жүргізеді. Қалай ойлайсыз?

Нұржан Керменбаев дәл осылай фолловерлері арасында сауалнама жүргізіп, перзенттеріне инстаграм ашуды жоспарлап жүргенде, өнердегі әріптестері бірден іске кіріскен. Мәселен, Айқын Төлепберген танымалдылықтан түсер табыстың аз еместігін жақсы біледі. Сондықтан, ізбасарынан қазірден бастап, медиа тұлға жасамақ.

Әнші екінші ұлының әр басқан қадамын видеоға таспалап, оны Санжардың атына ашылған жеке парақшасына жүктеп отырады. Төлепбергеннің жұбайы Жұлдыз Өмірғалидің айтуынша, Айқын атұстарының Димаш сынды аты алты әлемге мәшһүр болғанын қалайды екен.

Жұлдыз Өмірғали, әнші:

- Ең бірінші мақсат ол Айқынның өзі. Балам ертең мен сияқты әртіс болғанын қалайды. Өзі сияқты әртіс болғанын қалайды. Сондықтан, ол қазірден бастап көпшілікке үйрене берсін, көпшілік оны көз алдында жүрсін, ертең үлкен сахнаға да шығарамын. Мен одан Димаш Құдайбергенов жасаймын деп жүр ғой.

Санжар Айқынұлының жеке инстаграмына бүгінде 30 мыңға жуық фолловер тіркелген. Балақайдың түрлі посттарын мыңдаған оқырмандарымен бірге, Жұлдыздың құрбысы Элизат Берікова да жіті бақылып отарады. Себебі, экс-«КешYou»-лік ару үшін өзінің сәбиін әлеуметтік желіге тіркеуге жүрексінеді.

Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:

- Кейбір кезде мен жаңағы бала болғаннан кейін суретке түсіріп, сторисқа түсіріп, инстаграм желісіне салғым келеді. Бірақ менің жұбайым кішкене ренжиді маған. Ол айтады ол кішкентай бала ғой салма деп.

Шоу-бизнес өкілдерінен бөлек, ғаламтор жұлдыздарының да балалары инстаграмда. Ең кішкентай вайнер атанған Алим Юсупов оқырман саны жағынан көш бастайды. «Yuframe» командасының мүшелері Арман мен Каринаның ұлынның парақшасына жарты миллионнан аса фолловер тіркелген.

Арман мен Карина, «Yuframe» командасының мүшелері:

- Өте көп ұсыныстар түседі. Алайда Алим әлі кішкентай болған соң, барынша жеңіл түсірілімдерді таңдауға тырысамыз. Алимді қинап немесе жасанды етіп түсірген емеспіз. Тек шынайы видео.

Бұдан өзге, Қарақат пен Қыдырәлі кенже қыздары Аяланың жеке парақшасын жүргізеді. 270 мың тіркелушісі бар кішкентай ханшайым тіпті сән сахнасында да көзге түсіп жүр. Оған Аяланың анасымен бірге «Eurasian fashion week» шарасындағы подимуға шығуы дәлел.