Jah Khalib Қазақстанда сән апталығын ұйымдастыруға атсалысты!

Сообщить о проблеме с эфиром

Елімізде алғаш рет «Eurasian Kids Fashion Week» сән апталығы өтті. Балаларға арналған топтамаларды подиумға шығару идеясы, Jah Khalib-тің анасы Ләззат Мамедоваға тиесілі.

Ләззат Мамедова, ұйымдастырушы:

- Бүгінгі шара туралы айтып берсеңіз?

- Менің ойымша, балалардың дизайнері болу – екінің бірінің қолынан келе бермейді. Фэшн шараның басты мақсаты да сол – елімізде балаларн сәнгерлері барын көрсету. Себебі, бүлдіршіндердің киіміне қойылатын талап жоғары, ол біріншіден сапалы болу керек.

Дәл осы сән кешін ұйымдастыру жұмыстарына Jah Khalib-тің өзі атсалысқан.

Jah Khalib, музыкант:

-Сізді бүгінгі шарада, көріп өте таңқалып тұрмын.

-Бүгін мен өнер көрсетпеймін. Мен анам мен қарындасымды қолдау үшін келдім.

- Бүгінгі образыңызды көріп тұрмын, кэжуал образда келіп тұрсыз. Күнделікті осылай жүресіз ба?

- Ия, мен сахнадада да, өмірде де бірдей киінемін. Өте қарапайым адаммын. Сондықтын, тек ыңғайлы киім таңдаймын.

Аталмыш шарада Данэлия Тулешова да қадірлі меймандар тізімінде. Таяуда ғана Сәкен Жақсыбаевтың көрсетілімінде сәнбике ретінде подиумға шыққан әнші қыз, fashion шараларда жиі көзге түсіп жүр.

Данэлия Тулешова, әнші:

- Сен өзің енді показға келіп отырсың, өзің сәнқойсың ба?

- Жоқ. Мүлдем сәнге қызықпаймын. Тіпті, адамдардың киген киіміне де назар аудара бермеймін.

- Данэлия, сахналық образдарыңды кім таңдап береді, стилистің бар ма?

- Жеке стилистім жоқ. Ондай дәрежеге әлі жетпедім деп ойлаймын. Алайда, менің анам образдарыма, барлығына жауап береді. Себебі анамның талғамы маған ұнайды.

-Ал, бүгінгі шараға киміңді кім таңдап берді? Неге осындай костюм таңдадың?

- Бұл образды біз арнайы тіктірдік. Анамның өзінің идеясы.

-Ал ең қымбат образыңды білесің ба?

- Шынымды айтсам, жоқ. Кимдерім аса қымбат деп айта аймаймын. Барлығы қолжетімді.

Данэлия тренд қуалап, қымбат дүниеге құмартудан аулақ. Тек арнайы өнер көрсету үшін дәл осы шараға ат басын бұрған әнші сән әлемінен гөрі, сахнада жүре беруді кұп көремін деп отыр.

Ал, екі күнге созылған фэшн шарада балаларға арналған классикалық және спорттық киімдер топтамалары таныстырылды.