Күллі q-pop орындаушылар q-fest шарасы аясында қайтадан бір сахнаға жиналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Мадина Дәулетқызы, тілші:

Күллі q-pop орындаушылар q-fest шарасы аясында қайтадан бір сахнаға жиналды! Байқасаңыз, бұл кеште халықтың қарасы мол. Дәл қазір «Ninety one»-дықтар ерекше шоуымен таңқалтуда!

«Ninety one» тобы:

– Бүгін ерекше шоу болды деп айта аламын. Қанша уақыт дайындалдыңыздар?

– Кеше дайындалдық

– Бір-ақ күн?

– Жалпы қосылып дайындалған сахнада тұрып, бір-ақ күн болды. Жалпы негізінде, дайындықтың өзі шығармашылық жағынан біраз уақытты алды. Ол қанша күн алғанын айта алмаймын. Себебі, 1 айдан көп болуы мүмкін ол. Бірақ, негізгі физикалық тұрғыдағы дайындық сол кеше болды.

– Енді, бұл жерде Әлемнің фортепианода орындауын атап өтуге болмайды.

– Болмай ма?

– Мүлде болмайды.

– Сол туралы айта кетсеңіз.

– Жәй сахнаға шықтым, фортепианода ойнадым, артынан минус қосылды, сол бірге әндетіп шықтық.

Қысқасы бұл кеште, сахнаға шыққан әрбір кью-поп орындаушы жанкүйерлерін барынша таңқалдыруға тырысты. Мәселен, «EQ» тобы су жаңа әнінің тұсауын кесті.

«EQ» тобы:

- Теріміз тектен-текке төгілмеді деп ойлаймын.

– Бетіңізде бір ерекше сурет көріп тұрмын. Бұл туралы айтып кетсеңіз.

– Просто биылғы кью-фестте өте көп адам болды. Көз тимесін деп тағып алдым.

– Көрсетіп жіберіңізші.

Мұндай «түйрегіш» жаңартылған «Жүзім» тобына да артық етпес. Асыл Айдарханның қоластындағы арулар, су жаңа құрамда өнер көрсетті. Енді, гелзбенд төрт қыздан тұрады.

«Juzim» тобы:

– Барлықтарыңызға сәлем, менің никнеймім Рия болады. Мен «Жүзім» тобының жаңа мүшесімін. Топта рэпер позициясындамын.

– Енді сіз өзіңізді таныстырып кетсеңіз.

– Сәлеметсіздер ме, менің есімім Жанэль. Лақап атым Жанин. Мен осы топта вокалистпін.

- Енді арасында ұзақ уақыт болып кетті сахнаға шықпағалы. Осы ұзақ уақыт арасында сахнаға шыққанымызға қуаныштымыз. Сағынып қалыппыз, және де Демім сіздерді де сағынып қалыппыз.

Десе де, бұл кеште өзінің орындаушылық шеберлігіне көңілі толмаған әншілер де табылды.

ALBA, әнші:

- Менде уақыт болмады олай қатты дайындалуға. Себебі, мен шетелде болдым. Сол себепті кеше келдім, максимально дайындалдым. Білмеймін, енді, өзіме жалпы ұнамаған жерлер көп болды.

Бұл олқылықты ескермегенде, кезекті q-fest ойдағыдай өткендей. Қазақ поп-музыкасының «Madmen», «Ziruza», «Crystalz», «C.C.Tay» сынды жарқын өкілдері де, ерекше шоу ұсынды. Айтпақшы, кеште отандық өнерпаздар Қырғызстаннан келген z-pop орындаушылармен бір сахнаны бөлісті. Ал, жүргізушілік тізгінді әнші Ayree өз қолына алған еді.