«Қалаулым сен» табыстырған Мағжан мен Камила болашақ сәбилеріне қандай есім таңдады?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Қалаулым сен» табыстырған жұптардың ең танымалы – Мағжан мен Камилла десек жаңылмаспыз! Мағжанның жүрегі мен жүзігін ұсынып Камиллаға ерекше сөз салғаны да, алып қашып кетіп, беташар өткізгені де қызу талқыға түсті. 500 адам шақырылған үйлену тойларына өздері де танымайтын 700 мейман келіп, кеш иелері абдырап қалғанын да көпшілік ұзақ сөз етті. Енді, міне жас жұбайлар таяуда ата-ана атанбақ.

Gender Reveal Party жасаған ғашықтар жақында қызды болатынын білді! Кесте тігерлеріне қандай есім қойылатыны Мағжан мен Камилланың өздеріне де жұмбақ. Себебі, алғашқы немерелеріне азан шақырып ат қою міндетін Камилланың ата-енесінің мойындарына жүктеген.

Арман мен Аша да қысты күні екінші рет ата-ана атанады. Жұлдызды жұп қыздары Асылымның артынан ерерінің кім боларынан қазірдің өзінде хабардар. Тек, бұл жаңалықты көпшілікпен нәрестелері дүние есігін ашқан соң, бірақ бөліспек. Себебі, көз бен сөз тиіп кете ме деп жүрексінеді.

Арман мен Аша -жұлдызды жұп

- Негізінде ол шындық, күтіп жатырмыз. Аман-есен босанса деген ниеттеміз, құдай қаласа.

«Yuframe» - дік Арман мен Карина тұңғыштары Алимді алып, Индонезияға саяхатқа аттанып кетті. Балиге апарар ұзақ жол, жақында ғана жүкті екенін айтып, сүйіншілеткен Каринаға қиындық туғызбаған сияқты.

Бұған дейін де жұлдызды жұп Каринаның аяғы ауыр екенін хабарлап, хайп қуғанды. Кейін, бұл ақпараттың жалған екенін жеткізіп, соңын әзілге жалғап жіберді. Дегенмен, бұл жолы Алимнің бауыры өмірге келері анық.