PLAYLIST REVUE! Жаңа бейнебаяндар!

Сообщить о проблеме с эфиром

Карди Би кезекті бейнебаянын жарыққа шығарды. Рэп әлемін бағындырған сылқым, Fat Joe және Anuel AA сынды америкалық музыканттармен бірге ортақ коллаборация жасаған-ды.

Хип-хоп орындаушылардың жаңа клипі «YES» трегіне таспаланған. Видеода, Карди Би әдеттегідей эпатажды образда.

Карди Би фанаттарына тағы бір бейнебаян ұсынды. Рэпер қыз Ед Ширанның «South of the Border» атты әнін, туынды авторымен қосыла шырқады.

Британдық музыканттың Карди Би және Камила Кабе́льомен бірігіп таспалаған видеосы, «Джеймс Бонд» картинасының стилінде. Басты рөлді Эдтың өзі сомдайды.

Джастин Бибердің жеке өмірінде ғана емес, шығармашылығында да жаңалықтар жетерлік. Бірер күн бұрын сүйіктісі Хейли Болдуинге үйленген әнші, жарына арнап «10,000 Hours» композициясына бейнебаян арнады.

Бибердің бұл еңбегіне «Dan + Shay» кантри ұжымы атсалысқан. Лирикалық туындыда ғашықтарын көрсеткен музыканттар, тыңдармандарын тәнті еткендей.