Элизат Берікова, Санжар Мәди және Гүлназ Жолановалар заңсыз жарнаманың құрбанына айналды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Соңғы кездері, шоу-бизнес өкілдері бет-бейнесін заңсыз қолданған алаяқтардың құрбанына жиі айналатын болды. Мәселен, «КешYou» тобының экс-мүшесі Элизат Берікованың ұлымен түскен суреті ғаламторды шарлап жүр. Балаларға арналған түрлі тауарлардың жарнамасын жасайтынын әншінің өзі әлеуметтік желі арқылы біліп, төбесінен жәй түскен.

Элизат Берікова, «КешYOU» тобының экс-әншісі:

- Доверять можно деген сияқты. «Баласымен өтірік айтпайды», - деген сияқты. Мен атымнан менің суреттерімді қойып жарнама жасап жатыр. Енді ол дұрыс емес деп ойлаймын. Бірақ, мен жазған болатынмын оларға суретімді алып тастаңыздар деп заңсыз. Егерде кәдімгідей адамдарды алдап үйтіп жатса, ол енді дұрыс емес деп ойлаймын.

Танымалдылығын оңай олжаға айналдырып алғандарды Санжар Мәди жазасыз қалдырмақ емес. Бет-бейнесін рұқсатынсыз қолданғандарға, заң аясында шара қолдануға бекініп отыр.

Санжар Мәди, актер:

- Маған әлеуметтік желіде таныстарым, тіпті, танымайтын адамдар жиі жазады. «Шаштараз, мейрамхана, тіпті тұрғын үй кешенін жарнамалап жүргеніңіз рас па» деп сұрайды. Әрине, адамадарды осылай алдай беретін болса, мен олардан пәтер талап етер едім. Ал мейрамхана иелері өз кінәларын жуып шаю үшін, маған тегін тамақ ұсынды.

Бастапқыда актер фотосын заңсыз пайдаланғандарға ескерту де жасаған, кейін құзыретті органдарға шағымданамын деп те қорқытқан. Бірақ, бұндай алаяқтармен соттасу бос әурешілік екенін айтады.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Бұрында бір, қазақи образда бір орамал киіп отырған бір суретім бар еді. Сол бір интернетті біраз шарлап шықты. Наурызда құттықтайды, бешбармақты жарнамалайды. Сол суретім бір кафенің алдында ма, сондай бір қазақи тағам дайындайтын кафенің алдында тұрғанын білем.

Гүлназ Жоланова бірден кафе иелеріне хабарласып, суретін алып тастауларын талап етті. Актриса, ендігәрі бейнесін ешбір жерде рұқсатсыз қолдануға жол бермеймін деп отыр.