Күздің үздік премьералары!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сериал сүйер қауым үшін, күз мауысымының көптен күткен премьералары жетерлік! Соның бірі – «Бэтвумен». 50-ші жылдары комикстерде жылт етіп көрінген қаһарман, енді тұтастай телехикаяның басты кейіпкері.

Кинода батыр арудың образын сомдау Руби Роузға бұйырған еді. Сюжет бойынша, Бэтмен жырақта жүргенде, қаланың тыныштығын Бэтвумен күзетпек! Лентада сондай-ақ, әке мен балалар мәселесі, гендерлік тақырыптар көтеріледі.

Нетфликстің де ұсынары бар! Көптің көзайымына айналған «Тәж» телетуындысының үшінші маусымы көрерменге жол тартпақ. Бұл жолы, оқиғалар 1964-1976 жылдары өрбімек. Сондықтан лентада, «The Beatles» тобын көріп қалуымыз да әбден мүмкін. Айтпақшы, енді Елизаветаның рөлін Оливия Коулман сомдаса, Филипп ханзаданың образын Тобайасу Мензис алып шықпақ.

Нетфликс сынды стримингтік қызметті қолға алған «Дисней» де алғашқы қарлығашын ұшыруға әзір! «Жұлдызды айқас» киноәлемінің бір бөлшегі саналатын, «The Mandalorian» телехикаясы тұсауын кеспек. Фантастикалық туындыны жарыққа шығаруды Джон Фавро мен Джордж Лукастың өзі қолға алған еді. Ондағы оқиғалар, «Джедайдың қайта оралуынан» соң, 5 жылдан кейін өрбімек.