Баян Алагөзова Барселонада ауыр ота жасатып қайтты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Баян Алагөзова жуырда ғана Барселонадан оралған еді. Атышулы продюсердің бұл сапарын, жанкүйерлері кезекті саяхат деп топшылағанды. Алайда, Мақсатқызы Испания еліне көзіне ауыр ота жасату үшін барған болып шықты.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Испанияда демалысты басқа дүниелермен ұштастырдым. Мәселен, Барселонаға барып, ота жасатып келдім. Испанияны таңдаған себебім, ол елдің медицинасы жақсы дамыған.

- Қалай екен медицинасы?

- Әлем бойынша жетінші орында.

- Супер. Бәрі сәтті өтті ғой?

- Құдайға шүкір.

Күні кеше ауруханадан шықса да, Алагөзова бір сәт те қол қусырып қалмақ емес. Продюсер сәл оңала сала, кезекті картинаның түсіріліміне кіріспек.

Баян Алагөзова, продюсер:

- Осы дүйсенбі фильмнің түсірілімін бастамақпыз. Сценарийіміз өте күлкілі. Комедия жанрында. Комедия таспаламағанымызға көп болды.

– Рөлдерге кімдерді бекіттіңіздер?

- Әзірге ол құпия. Бірақ бас кейіпкер – жаңа есім. Біз оны ұзақ іздеп, Ақтөбеден әрең таптық.

– Міне, осы туралы сұрайын дегенім ғой. Сіз негізі әр туындыңызда бір адамның жұлдызын жағасыз. Тәуекел Мүслім, Гүлназ Жоланова, Әйгерім бар. Бұл жолы жаңа жұлдызды жағайын деп жатырсыз иә?

- Иә. Енді, танымал әрі дене бітімі томпақ қызды қайдан табамыз. Сондықтан, жаңа есімді іздеуге тура келді. Біз өте ұзақ іздедік, күнде кастинг болды. Кастингке Қазақстанның әр өңірінен келді. Нәтижесінде 23-жастағы Ақтөбелік аруды таптық. Ол бүгінде киноға әзірленіп, салмақ қосуда.

- Құпияның бір ұшы шыққан сияқты.

- Ол жеткілікті дәрежеде томпақ болмады. Оның салмағы 97 келі, ал бізге 105 келі керек.

- 105 келі, мәссаған.

- Иә. Ол әзірге 5 келі салмақ қосты. Енді 2-3- келі тағы қосу керек. Біз оны күнде-күнде тамақтандырып жатырмыз.

- Не беріп жатырсыздар?

- Шоколад, картоп, гамбургерлер, кола. Қысқасы, салмақ қостыратын тағамдардың бәрін.

Қысқасы, картина өте күлкілі болады деп күтілуде. Ал, Баянның жағымды жаңалығы бұл ғана емес. Продюсер, «КешYou» тобына қатысты да алда түрлі тосынсыйлар күтіп тұрғанын айтуда. «Бастысы денсаулық болса, әрдайым көрерменді қуантуға әзірмін» - деп, Мақсатқызы өз сөзін аяқтады.