«Бақытсыздар бағы» телехикаясының актрисалары көпшіліктің сынына қалды. Сылқымдарға маза бермей жүрген кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

- НТК арнасы ұсынған «Бақытсыздар бағы» телехикаясы, көптің көңілінен шыққаны анық! 120 бөлімін үзбей тамашалаған көрермен қатары мол! Бүгін, сол сериалдың бас кейіпкерлерімен яғни менің әріптестеріммен кездесіп, сұқбат құратын боламыз. Иә, ол телехикаяда мен де ойнаған болатынмын! Ендеше, кеттік!

Қазақстанда тұңғыш рет 120 бөлімнен тұратын ең көлемді туынды көрерменнің

ыстық ықыласына бөленген еді. Телехикая махаббат пен зұлымдықты негіз еткен.

«Бақытсыздар бағында» бой көрсеткен актерлық құрамның бүгінде жұлдызы жанды десек қателеспейміз. Туынды кәсіби мамандардан құралмаса да, рейтингі жоғары жобалардың біріне айналды.

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

Альмира, «Бақытсыздар бағының» әр бөлімі эфирге шығатын, сол кезде дайректке жүздеген хабарлама келетін. Жасыратыны енді жоқ, көбінесе жігіттер жазатын. Танысайық, кездесейік деп... Ал, қазір осындай ұсыныстар жиі келіп тұра ма саған?

Альмира Исқақова, актриса:

-Ия, қазіргі таңда ондай ұсыныстар жалпы дайректке көп жазып тұрады. «Бақытсыздар бағынан» кейін әлі өшкен жоқпын. Өшетін ойым да жоқ. Соған жұмыс жасап жатырмыз қазіргі таңда.

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

-Шынында да бізде, «Бақытсыздар бағы» сериалы біздің бағымызды ашты деп айтсам болады. Әлі күнге дейін жолығайықшы кездесейікші. Бір ғана кешкі асқа келіп кетші хотя бы, или жарайды завтрак болсын, ужин болсын, жолығайықшы болды деп айтып жататын жігіттер бар.

-Ал сенің жауабың қандай ондай хабарламаларға?

-Шынымды айтсам, ешкімге жауап қайтарған емеспін. Ол жаңағыдай өзіншелік емес, әрине. Мүмкін жүрегім бос емес шығар.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

-Мені байдың баласы деп ойлап қалады бәрі. Сомен кездескісі келеді.

Еске салсақ, Еркебұлан – Даниярдың ролінде, Әйгерім Қалмұратова - Назима, ал Альмира Исқақова – Назиманың құрбысы Камиланы сомдаған еді.

Дәл осы сериалдан кейін актерлардың аудиториясы да көбейген. Бірінің жанкүйерлер қатары молайса, кейбірінің хейтерлері пайда болды. Оған себеп, телехикаядағы кейіпкерлердің жағымсыз образы.

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

-Енді білетінім көбісі жағымсыз ролді ойнаған кезде, шынайы өмірде де ол адам сондай жаман деп ойлайды. Осы сенің образыңа әсер етті ма шынайы өмірде?

Альмира Исқақова, актриса:

- Ия, шынында мені танымайтын адамдар, көкірек, орысша айтқанда стерва деп ойлады. Көбісі айтады, біз ойлағанбыз сізді стерва деп, оказывается нет аққөңіл сөйлеп қалған қыз екенсіз деп. Ия шынында кинода қалай қабылдаса, өмірде де сондай деп ойлайды.

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

- Инстаграм желісінде маған үлкен кісілер, әпкелер жазатын сен не деген оңбаған қызсың, сен сияқты келіннен құдай сақтасын. Мен балама өліп кетсемде ондай сен сияқты қызды алып бермеймін деген сияқты.

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

-Ал, «Бақытсыздар бағында» көбінесе, кәсіби актерлар болған жоқ. Ал сен оқыдың ба актрисаға?

Әйгерім Қалмұратова, актриса:

-Мен кәсіби актриса емеспін. Бірақ сырттай білім алдым. Себебі, білімсіз камерамен қалай жұмыс істеу керек, дикция деп жатамыз, иә. Көзбен сөйлеу деген болады камерамен.

Альмира Исқақова, актриса:

-Менің арманым болатын Алматыға келіп, актриса болу, өзімді сондай жақтан халыққа көрсету. Меніңше, арманым мені жетелеп осындай жолға алып келді.

Еркебұлан Тоқтар, актер:

-Мен өзімді актер ретінде санамаймын. Актер ол белгілі бір шыңға, белгілі бір жетістікке жеткеннен кейін бір актер деп өз өзін айта алады.

«Бақытсыздар бағының» актерлық құрамы бүгінде түрлі телехикаялар мен толықметрлі картиналарға шақырту алған. Тіпті, Еркебұлан Тоқтар Ресей елінің киноиндустриясынан дәмелі. Жас актер бірер айдан кейін көрші елге сапар шекпек.