Әлемге әйгілі «Биллборд» музыкалық чарты, сатылымы жағынан рекорд орнатқан альбомдарды атады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Бұл тізімде ел арасында DaBaby есімімен етене таныс Джонатан Линдейл бірінші.

Америкалық рэпердің «KIRK» атты жинағы көпке ұнап жатса керек. Бұл альбомдағы тректерінде, хип-хоп орындаушы өмірінде орын алған оқиғаларды баяндаған. Мәселен, «Intro» әнінде, «Менің «Suge» туындым чарттарда топ жарғаны мен әкемнің өмірден өткені туралы бір сәтте білдім» деген тіркестер кездеседі.

Битлздықтар жас хип-хоп орындаушыларға дес бермек емес! Аты аңызға айналған топтың туындылары әлі де хит! Музыкалық ұжымның Abbey Road альбомы 70-ші жылдары жарық көрсе де, әлі де тыңдарманның қызығушлығын оятуда.

Рок-кантри топ та ең үздік атануға құлықты! Whiskey Myers ұжымының өзі аттас альбомы да Биллборд чартының көш басында! Еске салсақ, музыканттар тырнақалды «Road of Life» жинағын 2008 жылы жарыққа шығарған болатын. Содан бері, жігіттердің тректері өз тыңдармандарын табуда!