Мейрамбек Беспаевқа көк тиын төлемей, фильмге түсіру мүмкін бе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Шетелде фильм таспалау үрдісін кімнің қалыптастырғаны көрерменге түсінікті-ақ. «Бизнес по-казахски»-ден бөлек Нұрлан Қоянбаевтың «Каникулы в Тайланде» картинасы да өзге елде түсірілген еді.

Дәулет Бижанов, актер:

- Қиын кезеңіне бардық Тайландтың. Су тасиын деп жатқан кезде, судың бетіне қалқып медузалар шығады екен. Біздің қаптап жүрген медузаның үстінен секіретін жеріміз бар.

Тай аралдарында Қоянбаев пен оның командасы бұдан да басқа қиындықтарға тап болғанды. Әсіресе, продюсердің қалтасы қатты қағылды.

Нұрлан Қоянбаев, актер, продюсер:

- Бас салып Таиландқа барсаң көп қаражат кетеді. Бірақ, біз бірден барған жоқпыз. Есептедік. Ол жерде көптеген компаниялармен сөйлесіп, сол демеушілер бізге қолдау көрсетті. Сол жерде біз болған қонақ үй жартылай бізге тегін нөмірлер берді. Сондықтан Тайланд болса да, барлық жерде тіл табысуға болады.

Тіл табысу мәселесіне келсек, Бүркіт Нұрланнан бата алса керек. Біраз бөлігі Дубайда таспаланған туындысына әнші Қоянбаевты актер ретінде шақырған. Одан бөлек, Бүркіттің «Загадай желание» атты комедиясында Мейрамбек Беспаев, Саят Исембаев, Әбунасыр Серіков сынды ТОП әртістер бой көрсетеді. Дегенмен, әнші оларға қаламақы төлеп, шығындалмаған.

Бүркіт, әнші, режиссер:

- Мені сыйлайды. Мен оларды сыйлаймын. Сондықтан да біздің өз арамызда келісімшарттар бар... Доспыз ғой, дос ретінде. Достар бірінен ақша алмайды.

«Не египте мне мозги»! Түсірілім тобы жағажайда жәйбарақат демалып, әрі комедия таспалап қайтқан десек жаңылмаспыз. Киносыншылар, бұл туындының сапасы сын көтермейтінін жарыса жазды. Фильм Египетте, қызыл теңіз жағасында түсірілді.