Рианна 111 000 долларлық ғұмырнамасының тұсауын кесті!

Сообщить о проблеме с эфиром

111 000 доллар! 43 миллион 300 мың теңге! Рианнаның таяуда тұсауы кесілген визуалды автобиографиясының бағасы осы! Жәй ғана кітаптың құны неге сонша қарыштап тұр дерсіз! Барбадоссалық сылқымның ғұмырнамасына қоса, бұл қаржыға дизайнерлік мәрмәр тұғыр беріледі. Оны бөлмеге сыйдыру да оңай шаруа емес дейді көргендер. Себебі, ұзындығы мен ені бір метрден асатын іргетастың салмағы – 900 келі. Дегенмен, мұның 9 ғана данасы жарыққа шыққан. Оның біреуін – Карди Би бәссаудада еншілеп үлгерді. Қалғандары да сатылып қойған.

Рири өмірдастанын 5 жыл жинақтағанын айтады! Иә, кітап 1000 дана эксклюзивті кадрлардан тұрады. Сылқым сыр сандығын ақтарып, өмір жолын баяндаудың орнына, суреттер сөйлесін деген.

Бала шақтан, бүгінгі биігіне дейінгі ғұмыры көрсетілген кітап 504 беттен тұрады. Мемуардың ең арзаны – 150 долларға бағаланса, орташа құны – 5500 көк қағазды құрайды. Қымбаттау түрлеріне дизайнерлік тұғырлар қосыла беріледі.

Рианна Нью-Йорктегі Соломон Гуггенхейм музейінде ғұмырнамасының тұсауын кесті. Құттықтай келген жұлдызды әріптестерінің санында есеп жоқ. Әнші кітаптың тез-ақ сатылып кететініне сенімді.