Белла Хадид әлемнің ең сұлу аруы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Белла Хадид әлемдегі ең сұлу ару атанды! Лондондық пластикалық хирургия орталығының басшысы Джулиан Де Сильва жылдағыдай жұлдыздардың арасындағы ең мінсіз келбет иегерлерін анықтады.Жақында ғана 23 жасқа толған супер сәнбикенің әдемілігі 94,35 пайыз мінсіздікке жақын деп танылып, тізімнің бірінші орнына жайғасты.

Сонымен қатар, хас сұлулардың қатарына Бейонсе, Эмбер Херд, Ариана Гранде және Тейлор Свифт ілінді.

Мінсіз келбетті арулар тізімінде, Николь Кидман жоқ. Дегенмен, елуді еңсерген актрисаның өзі мәңгі жас бейнесін сақтап қалуға тырысады. Сол қылығы үшін де хейтерлердің қаһарына ұшырады.

Көпшілік Кидманды филлерлерді асыра көп қолданған деп айыптады. Актрисаның өзі қартаюға қарсы процедураларға жүгінетінін жоққа шығарады. Дегенмен, білікті хирургтар Никольдің теп-тегіс ажарынан anti- age инъекцияларының ізін байқаған.

«Gazgolder Records» лейблінің басшысы Баста енді футбол клубының да қожайыны. Ростов-на-Донудың командасы бұған дейін қарызға белшесінен батып, құрдымға кеткелі тұрғанды. Рэпер аяқ доп шеберлерінің 10 миллион рубль көлеміндегі берешегін қайтарып, футболшылар мен жаттықтырушылардың жалақыларын төлеген. Енді, клуб басыбайлы Бастаға тиесілі.