Актриса Құралай Анарбекова қалыңдық атанды!Отызға келіп, той көйлегін киген арудың жүрегін жаулаған кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тілші:

- Отызға келген Құралай Анарбекова ақ көйлек киіп, қалыңдық атанды. Дәл қазір қаладағы мейрамханалардың бірінде сылқымның тойы дүркірете аталып өтуде. Арудың жүрегін жаулаған кім? Ал күйеубала туралы не білеміз?

Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:

- Құралай, ақ көйлек киіп қалыңдық атаныпсыз?

- Иә, жаңа түсірілім алаңындамыз. Бұйыртса, халық назарына жаңа фильм туындайды.

- Ақ көйлек киіп тұрмын бірақ той болмайды дейсіз ғой?

- Бұның да құпиясы бар. Ақ көйлек кигенімнің. Оны фильмнен көре аласыздар. Ол той емес. Біз басқа кейіпте. Мен жаңағы келіншектің, болашақ келіншектің рөлін емес, мен өзімнің спец-агенттік мамандығымды сомдаймын.

- Фильм не туралы болмақ? Өзіңіз постыңызға жазыпсыз, әдеттегідей “тойский” картина емес деп. Бірақ байқағанымдай, “тойский” әртістер жүр ғой. Бұл қалай болғаны?

- Әрине, “Тойхана”- деп аталғанымен, әрине, біздің әртістеріміз бар танымал, бірақ та осы барлық оқиға өмірде кездеспеген. +Өте қызықты.

Лентаның сюжеті бойынша, Қазақстанда той тойлауға қарсы заң күшіне еніп, бүкіл әншілер жұмыссыз қалады. Нәтижесінде, қуанышты кештер жасырын түрде өткізіліп, Қайрат Нұртас бастаған өнерпаздар ақшадан қысылғандықтан, шақырған жерден қалмайтын болған.

Айсара Бисенова, тілші:

- Неліктен осы тақырыпта туынды таспалауды шештіңіз?

Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:

- Өйткені мұндай тақырып болмаған. Және де бұның мән-жайын айтқан кезде, барлығы күліп, мә, осындай өмірде болған кезде шынайы, өте қызық болар еді деген сияқты, енді. Идеясы өте тамаша, ерекше.

Осылайша, Құралайдың қуанышында Қайраттың өзі ән салса, той тізгіні өмірде де асабалықты атқарып жүрген актер Елдос Қадырхановқа тапсырылған.

Елдос Қадырханов, актер:

- Образым сол, тамаданың образы. Өзімді ойнап берем, былайша айтқанда. Бірақ кішкене уайымшыл тамада. Мен сіздерге бір қызығын айтайын, бұл менің анандай, полный метр кино дейді ғой, полный метр кинодағы ең алғашқы рөлім. Рахмет, осы ені шақырғанына. Құралайға рахмет. Біздің Алишер режиссерімізге рахмет. Әй, осы баладан бірдеңе шығады-ау деп шақырған. Бір қызығы, тамада деп тұрады. Атым жоқ.

Лентадағы Құралайдың ғашығын сомдау желі жұлдызы, ERLA BLACK атымен танылған вайнерге бұйырыпты. Киноға түсіп, қатты қобалжығандықтан ба, күйеубала сұхбат беруден қашқақтады. Еске салсақ, аталмыш картина Анарбекованың бұл жылы қолға алған екінші жобасы.

Құралай Анарбекова, актриса, продюсер:

- Сіз жазда “Ва- Банк”- деген туындыны таспаладыңыз. Ал қазір екінші туынды. Қатарынан екі фильмды түсіру не себеп?

- Өйткені біздің.. Біз продюсер ретінде.. Біздің уақытымыз қолайлы. Ол жаз уақыты. Сондықтан да жылына бір фильм түсіру бізге.. енді ары қарай даму үшін, ары қарай кино саласын дамыту үшін енді жылына бір 3- 4 фильм түсіру керекпіз. Сондықтан да енді шамамыз екі фильмге келді. Дегенмен де, болашақта оның санын ұлғайтамыз деген ойдамын.

Ал, «Тойхана» комедиясы келесі жылдың көктемінде үлкен экранға жол тартады деп жоспарлануда.