Келіншегін бейнебаянға түсірген Серік Ибрагимовтың басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Осылайша өміріндегі кез-келген өзгерісті әнмен жеткізетін Серік Ибрагимовтың басы дауға қалды. Әріптестері жуырда шыққан «Айнамкөз, гитарамды берші маған» бейнебаянына шүйліккен көрінеді.

Серік Ибрагимов, әнші:

- Ол жәй ғана халықтан емес, өзімнің әріптестерім де Серік, ондайыңды қойсай, болды ғой, жетеді ғой, «үйлендім мен» , «махаббатымды» да шығардың. Енді, «Айнамкөз» деп келіншегінің атын қосып барлығы, үйдегілердің барлығы айтып жатыр бізге.

Дәлірек айтқанда, әншінің сахналастарына келіншегін бейнебаянға түсіргені жақпай қалыпты. Сондағы бар мәселе – әннің атауымен қатар Айнамкөздің 4 секундтық кадрда бой көрсетуі екен.

Серік Ибрагимов, әнші

- Бір-екі әншілер айтты. Атын айтсам, ренжіп қалар тағы да. Өйткені, әйелдері солай деп айтты деп содан кейін ортада мен андай болып қаламын ғой. Сондықтан айтпай-ақ қойяын. Іштері біліп тұрған шығар енді, көрсе.

Әншінің өзі кезекті бейнебаянының бір түнде таспаланып, санаулы күнде көрерменге жол тартқанына дән риза. Ал, 4 минуттық видеода Айнамкөздің жылт еткенінен еш әбестік көрмейді. Оның үстіне келіншегінің кадр сыртындағы еңбегі орасан екенін айтып қалды.

Серік Ибрагимов, әнші

- Келіншегім тамақ істеп берді деген сияқты. Көмектесті. Бірақ, негізі бәрі солай ойлайтын шығар, келіншегіне арнаған, негізі өзіме арнаған ән ол. Бірақ, келіншегіме гитарамды бер деп, ары қарай шабытыма шабыт қосылды.

Шабытын махаббатынан алатын әнші көп сөзіне құлақ аспай, жұбайын жанынан бер елі тастамай алып жүрмек. Жеке стилисті ретінде де сайлап қойған.

Серік Ибрагимов, әнші

- Міне, келіншегім алып берген. Келіншегім кигізіп қойған. Мына носкиге дейін түсіріп қойыңыздар. Өзіме ғана жеке ерлер киімін алады. Осындай киіп көрші, осындай киіп көрші. Сосын ақылдаса келе сол ақыл берген киімдерді қазіргі таңда киіп жүрмін.

Серіктің әлеуметтік парақшадағы әзілдеріне жүгінетін болсақ, жуырда «Мен ауылда», «Мен сүйіктіммен» атты туындылары шығып жатса, таң қалмаңыз!

Серік Ибрагимов, әнші

- Осы өмірімде болып жатқан жайттарды айта беремін. Баяғыда Қанат әзілдеп айтып еді. Серік, сен көрген нәрсеңе ән шығара беретін болыпсың ғой. Солай сияқты. Қатысы бар дүниелерді ғана айтамын.