Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон отырған ұшақ апатқа ұшырай жаздады.

Сообщить о проблеме с эфиром

Пәкістан аспанында Уильям ханзада мен Кейт Миддлтон отырған ұшақ апатты жағдайға ұшырады. Бәріне ауа-райының күрт өзгеруі себеп болыпты. Кеше патша әулетінің мүшелері Лохарға сапар шеккен. Артынша, Исламбадқа қайтулары керек еді. Тек кері сапар кезінде ұшақ - нөсер мен найзағайдың астында қалған. Жерге сәтті қона салысымен Уильям ханзада «Ұшақ тізгінінде болған мен едім» даурыққан жұртты тыныштандырмақ болып, әзілдей сөйледі.

Анджелина Джоли Бред Питтпен айрылысқанда, балаларым ғана тұңғиыққа түсіп кетпеуіме үлкен көмектерін тигізді дейді. Осыдан үш жыл бұрын ажырасуға бел буған екеудің ісі ұзаққа созылғаны мәлім. Жұлдызды жұп алты баласын бөлісе алмай ұзақ айқасты. Қала берді қаржылай сауалдар мен ортақ бизнестері тағы бар. Актрисаға өміріндегі өзгерістің әсер еткені соншалық – төрт жыл қатарынан ешқандай фильмде төбе көрсетпей кетті.

«Оскар»-лы ханшайым Дженнифер Лоуренс пен арт-дилер Кук Марони шаңырақ көтерді! Неке қию рәсімі Ньюпорт қаласындағы ескі француз қамалында өткен екен. Тойға 150 – ге жуық қонақ шақырылыпты. Мәртебелі меймандар арасында актриса Сиенна Миллер, Эмма Стоун, Камерон Диас және әнші Адель де бар. Қалыңдық Dior-дың көйлегін кисе, күйеу жігіт классикалық смокингте төбе көрсетті. Дженнифердың айтуынша ол ештеңеге бас қатырмаған. Тіпті той көйлегін де тез таңдапты