Рано Умарова, Әсел Сағатова мен Қарлығаш Мұхамеджановалар жұбайларын неге жасырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәп Дильназ сынды ақ босаға аттағанын да, өмірлік серігін де жеті қат сандықта сақтағысы келетін медиа арулар аз емес. Мәселен, Қарлығаш Мұхамеджанованы көпшілік әлі «оң жақта отыр» деп есептейді. Шынтуайтында, актриса ақ келін атанып үлгерген. Тіпті, кесте тігері де бар. Бірақ, Төлегенқызы жеке өмірінен көпшілік бейхабар болса дейді.

Әсел Сағатованың да көзінің ағы мен қарасындай болған ұлы мен қызы бар! Жұбайы – бір кездері Дубайда лауазымды қызмет атқарып, актрисаның отабысымен сол шаһарды мекен еткені де мәлім. Бірақ, Әсел етегінен ұстаған құпия ер азамат кім? Бұдан көпшілік бейхабар. Актрисаның өзі мұны – қатаң құпияда сақтайды.

Айнұр Ілиясова да жұбайының өтінішімен оны көпшілік көзінен тасада ұстайтын. Бірақ, таяуда отағасының суретін әлеуметтік желіге жүктеді. «Дәулетті жұртқа көрсетуге мәжбүр болдым», - дейді сылқым.

Айнұр Ілиясова – актриса

- Елдің бәрі маған айтады, сен айырылысып кеттің бе, күйеуің жоқ па деп айтқаннан кейін қойшы, жаным мен салайыншы суретіңді деп айттым да, мақұл деп ол келісімін берді.

Аружан Жазылбекова – режиссер Ахат Ибраевтың аяулы жары. Бірақ, ғаламторда олардың ортақ суреттері некен-саяқ. Актриса инстаграмдағы жеке парақшасына да күйеуінің фотоларын жүктемейді.

Рано Умароваға да күйеуі біраз тиымдар қойып тастаған. Әншінің бизнесмен жары – танымалдылыққа құмартпайды. Сондықтан, жұрт көзінен тасада қалғысы келеді екен. Перзенттерінің де желіде жиі жарқырауын құптамайды.

Рано Умарова – әнші

Күйеуге шыққаным рас. Бірақ, ол кәсіпкер болғандықтан, көп көрінгісі келмейді. Сондықтан да біз сырға салу, ұзату, неке қию салтанаты сынды рәсмдерді тек ет жақындарымыздың ортасында өткіздік.