Корейлік «SuperM» бойзбенді Биллборд чартында көш бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі Биллборд басылымы үздік үнтаспа иегерлерінің тізімін ұсынды! Енді, BTS аталмыш музыкалық чарттан табылған жалғыз корейлік ұжым емес! Бантандықтардың рекордын жаңартып, бәсекелес атанған су жаңа «SuperM» бойзбенді. Топтың өздері аттас, тырнақалды альбомы бірден көш басына шықты.

SM Entertainment «SuperM»-ге қоластындағы ұжымдардан жеті жігітті жасақтап алған еді. Олардың арасында, EXO-ның экс-мүшелері де бар. Бойзбенд күні кеше дебют алғанына қарамастан, жетістіктерімен таңқалтуда!

Summer Walker-нің шоу-бизнес әлеміне басқан қадамы да құтты! Әншінің алғашқы «Over It» студиялық жинағы рекорд орнатуда! Еске салсақ, үнтаспадағы кей тректерді әзірлеуге Дрейктің өзі атсалысқан.

Бұл апта үздік үштікті «Hollywood's Bleeding» жинағымен Post Malone тұйықтайды! Аталмыш альбомның тұсауы біраз уақыт бұрын кесілсе де, үнатспаға деген көптің ықыласы артпаса, кемімек емес!