Инстаграм бізді асырап отыр! Желідегі жарнаманың арқасында жаһанды шарлап жүргендер кімдер?

Сообщить о проблеме с эфиром

Инстаграм – қазіргі таңда тұтынушысы ең көп әлеуметтік желі. Осыны жіті түсінген шоу бизнес өкілдері кезекті табыс көзіне айналдырып алған. Яғни, оқырмандар саны мен лүпілдер неғұрлым көп болған сайын, жұлдыздардың айы оңынан туары анық.

Айқын Төлепберген, әнші

– Кем дегенде 200 доллар 150 доллардың несін бір фото салғаны үшін алады! Бартермен, ол кәдімгідей эконом. Қымбат бір бутик болса, әрине оларға қымбатырақ сұрайсың.

Әнші Айқын Төлепбергеннің жары Жұлдыз да айырбас арқылы демалып, реті келсе сәнденетінін айтып қалды.

Жұлдыз Өмірғали, әнші

- Оны біз ертеден жасап тастаймыз. Себебі, кейін әрине ол мүмкін созылып кетуі мүмкін, ұнамай қалу, білмеймін бәрін бастапқыда істеп тастаймыз.

Жұлдыз жарнама берушінің әр талап-тілегін орындауға тырысады. Дегенмен, құрбысы Ақбота - Нұр әр тапсырысты дәл сондай ұқыптылықпен орындайды дей алмаспыз.

Ақбота Нұрмағамбет, әнші

- Кішігірім ресторандарға барып тамақтанып болғаннан кейін, кейде қарынды тойдырып алып ұмытып кетуіміз мүмкін.

Бүркіт пен Аишаболса, инстаграмдағы әр жарнама берушімен арнайы келісім шартқа қол қояды. Бұл белгілі жұптың беделіне нұқсан келтіріп алмаудың амалы.

Бүркіт, әнші:

- Бірақ мен мысалға жарнама алған кезде мен оны кем дегенде 6 айға аламын, менің инстаграмымда жоқ мысалға бір күндік, бір рет шығара салу, екі рет шығара сал деген жоқ бізде. Сонда ғана жаңағы төленген ақшалары белгілі болады, кішкене өзі мөлшерлі болады.

Бүркіт қазірдің өзінде бірнеше келісім шартқа отырған. Жылына бір мәрте келетін айырбас демалыстарын айтпағанда, майда-шүйде ұсыныстарға бас қатырмайтынын алға тартады.