Қазақ шоу-бизнес өкілдері неге қуаныштарын дүйсенбі күні атап өтеді?

Сообщить о проблеме с эфиром

Зер салып, қазақ шоу-бизнес өкілдерінің қуанышына көз жүгіртетін болсақ, дені тойларын дүйсенбі күндері атап өтеді. Болжамға салып, түрлі пікір айтылғанымен жай-жапсарын өздерінен білген абзалырақ деп шештік.

Қазақ шоу-бизнес өкілдерінің басым бөлігі жұмыс аптасының алғашқы үш күнін өз қуаныштарына белгілесе, соңындағы төрт күнін өзгенің тойларына арнайтын болып шықты.

Зарина Омарова, әнші:

-Өйткені, бұл ең бос күн бізде, шынымен де солай. Өйткені енді

демалыс күндері басқа, халықтың тойын тойлайсың, ал енді өзіміздің тойымызды осындай жұмыс уақытында, жұмыс мезгіліне қоямыз, сол кезде бәрі оңай болады бізге сол үшін.

Айта кету керек, өнер жолындағы нәзік жандылар жұмыс кестесін барынша оңтайлы етуге тырысады. Себебі, барар тойдан бөлек арасында түсірілімге қатысып, отбасына да дер кезінде көңіл бөлу керек.

Жанар Айжанова, әнші:

-Дүйсенбі күні қоятыны сол аптаның ортасынан бастап бәрі жан-жаққа кетеді, түсірілім күндері де сол күнге қойылады, дүйсенбі күні бәрі ойлайды бос боламыз деп, негізі а дүйсенбіде де босап жатқан, мен өнер адамдарын көріп жатқан жоқпын, міндетті түрде той емес, мысалы мен бүгін, шақырған Астанаға мен бара алмадым, телеарналарға.

Қазақ шоу бизнес өкілдері де бір-бірінің шақыртуларына кешігіп келеді екен. Мейлінше, әріптестерім үшін ең бос – дүйсенбі деген күннің өзінде де тойлары 1-2 сағатқа кешеуілдейді. Мәселен, жуырда ғана 27 жасын атап өткен Төреғали Төреәлінің тойы әріптестерін күтем деп, екі сағатқа кеш басталған болатын.

Жанар Айжанова, әнші:

-Келеді, мысалы 5-ке шақырсаң да сол 9-ға келеді 8-ге келеді, сосын жанталасып бір жарым екі сағатта жарты дастархан жоқ бәрі кетіп қалады, маған сол қазекеңнің сол бір қасиеті ұнамайды.