Назым Әбілдина жеке шығармашылығын қолға алды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Назым Әбілдина дебюттық бейнебаянын таспалауға кірісті. Ару «Kesh You» тобынан кеткелі бері, ұзақ уақыт шығармашылық ізденісте болған. Алайда, жеке әнші ретінде сахнаға шығуды бұрыннан жоспарлап жүргенін жасырмайды.

Назым Әбілдина, әнші

-Жеке шығармашылық туралы мен кеше ғана ойлаған жоқпын. «Kesh You»-дан кеткеннен кейін, бастап ойлаған жоқпын. Ол ой, әрине, бастапқыда болды. Бірақ олай емес, енді тезірек кетсем екен ғой емес. Бір күні солай да болар. Қалай да істесем екен. Жаңағы армандар, неше түрлі ойлар деген сияқты.

Назымның қазіргі продюсері Ғалия Байбосынова. Бойжеткен Баян Алагөзовамен қош айтысқалы, шығармышылығын анасына сеніп тапсырған.

Ал, Әбілдинаның «Kesh You-дегі жұмысының ұзаққа бармауына топтағы өзара келіспеушілік себеп болса керек.

Назым Әбілдина, әнші:

-Қыздармен болу группада қиын екен. Мен әу бастан оны түсінбедім. Маған енді Назым саған сабыр, шыдамдылық деп. Шыда жаңағы ойлай берме деген сияқты сөздер айтатын. Бірақ мен оны түсінбейтінмін. Енді енді түсініп келе жатырмын.

Назым көпшілікке «Айгөлек» балалар байқауы арқылы танылды. Өнерпаз жастайынан түрлі музыкалық жобаларға қатысып, өз аудиториясын қалыптастырып үлгерген.

Назым Әбілдина, әнші:

-Аудиториям менімен бірге, өсті деп ойлаймын. Сахнада мен 7 жасымнан бері жүрмін. «Айгөлекті» кім көрмеді десек болады әлі күнге дейін, жаңағы далада жүрсем де, универде болсам да, «ой қызымыз Айгөлектен ғой, саламатсыз ба, сіз Айгөлектен сіз ғой», деп мені Айгөлектен таниды негізі, Кешьюдан емес.

Әбілдинаның жеке әнші ретіндегі алғашқы жұмысы «Ультиматум» деп аталады. Өнерпаз өзінің жарты жыл бұрын жарық көрген трегіне клип таспалап, жуырда оны тыңдарманына тарту етпек.