«Томирис» тарихи туындысы Түркия мен Қытай кинотеатрларында көрсетіле ме?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Томирис» тарихи туындысының көрерменге жол тартқанына 1 ай! Картинаның режиссері Ақан Сатаев лентаның бүгінгі жетістігіне дән риза.

Ақан Сатаев, режиссер:

- Аллаға шүкір, бүгінгі нәтижеге көңіліміз толады. Себебі, лента көрерменнің басым бөлігіне ұнағанын білемін. Кассалық жиыны да көңілімізден шығуда.

Еске салсақ, «Томирис» туындысына голивудтық «К звездам»,«Джокер» және «Малефисента» картиналарымен бәсекелес атануға тура келді. Фильмдер бір уақытта үлкен экранға жол тартқан еді.

Ақан Сатаев, режиссер:

- Алғашқы аптада кассалық жиын бойынша көш бастадық. Қазір, бірінші болмасақ та, үздіктер арасындамыз. Америкалық үздік фильмдермен бірге шыққанымызды ескерсек, нәтиже жаман емес.

Картинаны көрермен назарына ұсынып, иығынан ауыр жүк түскен режиссер, енді лентаны шетелге шығару қамына кіріскен. Сәтін салса, Сатаевтың Тұмар патшайымын әлем тамашаламақ.

Ақан Сатаев, режиссер:

- Қазір біз бірнеше халқаралық дистрибютерлермен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Ең әуелі Түркия, сосын Қытай елдері қызығушылық танытуда. Меніңше, картина халықаралық прокатқа шығуы тиіс.

Ал, Альмира Тұрсын болса, қазіргімен салыстырғанда Томирис рөліне бекітілген кезде өзіне деген қызығушылықтын көбірек болғанын жасырмайды.

Альмира Тұрсын, актриса:

- Иә, енді мен қабылдағанда сол рөлге, енді мен де кішкене таңқалдым, себебі көп адамдарға ұнап, жақсы сөздерді естідім. Бір жақтан ол өте жақсы, бірақ басқа жақтан мен уайымдап жүретінмін, себебі олар тек менің фотомды көріп қабылдады, бірақ ойын ол басқа ғой.

Алайда, актриса танымалдылығы шарықтамағаны үшін еш ренжімек емес. Бастысы, кейіпкерім халық жүрегіне жетсе жеткілікті дейді.