Есен Елеукен «артық қылам деп, тыртық қылып» алып жүргендерге ашулы ма? Оның әзілі кіммен жараспай қалды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Қазіргі сатираның деңгейі қандай? Әжуаға толы әзілдер күлдіріп отырып, күрсінтетін болса, енді бірі арзан дүниемен күйдіріп жібереді дейді Есен Елеукен.

Есен Елеукен, Қазақстан КВН Одағының президенті:

- Бұның мектебін қалыптастыру керек. Бір деңгейде қалмау керек. Сондықтан, уақыт өте өзгеріп отыру керек. Іздену керек. Идея керек. Жұмыс жасау керек.

Жаны жаңашылдыққа құмар Есен Елеукен, әзілдерге тереңдік жетпей қалатын кездердің болатынын айтады. Сол үшін сықақшыларды ізденісте жүруге шақырады.

Есен Елеукен, Қазақстан КВН Одағының президенті:

- Әзілің жарасса, атаңмен ойна дейді. Атасымен ойнау үшін оған деңгей керек. Яғни, сол атасы түсінетіндей. Жанамалап айтады, орағытып айтады, мақтамен бауыздап айтады дегендей түрлі теңеулер бар. Соған лайық жұмыс жасау керек.

«Әзілін шоқпар еткендер, қалжыңның құнын түсіріп жіберді, көбіне күлдіреміз деп бүлдіріп алып жатады», - дейді Ринат Зайытов. Халықтың сұранысы да сол болғандықтан, әзілкештердің де құп алысы соған қарай бейімделетінін айтады айтыскер ақын.

Ринат Зайытов, ақын:

– Иә, себебі енді қоғамның бет алған бағыты солай болғаннан кейін, айнала солай болғаннан кейін...

Ал, талай комедиялық телехикаялардың продюссері Ақылбек Досжанның пікірі мүлде бөлек. «Заманына қарай - әзілі, жаңашылдықтың бәрі жастарда. Онда астар да, мысқыл да бар» дейді ол.

Ақылбек Досжанов, продюссер:

– Бұрыннан көрі қазіргі әзілді түсіну қиынырақтау. 00:01:52 Әлеуметтік желілердің тез тез өсуінен, қазіргі өмірдің өзі тез болып кетті ғой. Сондықтан бір жаңалықты өткізіп алсаң ол әзілді түсінбей қаласың. Әзілдің деңгейі жақсы. Бұрын осыдан 5-6 жыл бұрын түсіп кеткен еді. Қазір көтерілді.

Қалжыңның құны қашанда ауыр, әрі салмақты. Әжуа мен мысқыл елдің мүддесін діттей білсе, мақсаттың орындалғаны деген сөз. Осыны түсіну үшін түйсіктің тереңдігі пен талғамның талапшылдығы керек-ақ.