Отандық музыкант Jay Leemo Скриптонит, Jah Khalib сынды Ресейге кетпек пе?

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Улетай» трегі хитке айналып, жұлдыз болған Jay Leemo бүгінде ТМД елдеріне де танымал. 25 жастағы әнші алғашқы үнтаспасын жарыққа шығарып, тыңдалымы жағынан музыкалық чарттардың үздігіне де еніп үлгерген. Талантты өнерпаздың өзі Ақтауда туып-өсіп, туған жерінде шығармашылығымен айналысуда.

Jay Leemo, музыкант:

- Бүгінгі таңда сенің қай жерде жүріп, музыкамен айналысатының маңызды емес. Себебі, қазір ғаламтордың заманы. Ең бастысы желіде тыңдарманға ұнайтын контент жасасаң жеткілікті деп ойлаймын.

R'n'B және поп жанрында ән салатын Jay Leemo танылған сәттен бастап, шет елдерге шақырту алған. Алайда, Ресей мен Қырғызстанға гастрольдік сапармен жиі аттанатын сері, қоныс аударудан аулақпын деп отыр.

Себебі, әнші өзге мемлекетке көшіп кеткен әріптестеріне қапалы.

Jay Leemo, музыкант:

– Шынымды айтсам бұл үрдісті аса құптамаймын. Ия, мойындау керек Ресейде немесе басқа шет елде тыңдарман жеңіл қабылдайды. Бізде мүлде басқаша. Шет елді мойындатсаң ғана, сені мақтан тұтады.

Jay Leemo-ның айтуынша, отандық тыңдарманның қолдауы өнерпаздарға жеткіліктсіз.

Jay Leemo, музыкант:

- Бізде отандасын дер кезінде қолдау жоқ. Бұл қызғаныштан болар. Мысалы, мені де Ресейде көбірек таниды, тыңдайды.

Десе де, Jay Leemo-ның қазақстандағы аудиториясы қуантарлық. Музыкант өз жанкүйернің жас айырмашылығы да ерекше деп отыр.

Jay Leemo, музыкант:

– Біздің музыкамызды ең қызығы 15 жастан бастап 50-60 жасқа дейін тыңдайтындар бар. Бұл көрсеткіш таңқалдырарлық. Енді менің әуендерімде мағына бар, сондықтан болар жастарда, аға буында тыңдайды.