Аида Кәуменова тұрмысқа шыққанын неге жасырады?

Сообщить о проблеме с эфиром

Тәуекел сынды тек мешітте неке қидырып, отау құрған медиа тұлғалар жетерлік. Дүркіретіп той жасамай-ақ, Алла алдында ақ некелі болсақ жетерлік деп санайды олар. Мәселен, 41 жасқа толған шағында Аида Кауменова Шымкенттік ер азаматтың етегінен ұстады.

Аида Кәуменова – сәнгер

– Ең үлкен парызымыз – Құдайдың алдынан өттік. Ал, қалғаны ол да бәрі Құдайдың қолында.

Біз түсірген эксклюзивті кадрлардан болмаса, сәнгердің күйеуін жанынан жиі жолықтыра бермейсіз. Кәуменова ханым жолдасының ел назарынан жырақта жүргенін қалайды. Отағасы да танымалдылыққа құмартып тұрған жоқ.

Динара Сұлтанның өмірлік серігі – Ерлан Қожасбай да шоу-бизнестен алшақ болуды қалайды. Сондықтан, әнші перзенттерінің әкесін ұзақ уақыт жұрттан жасырып келген. Бұл аралықта жұбайлар тек мешітте неке қидырып қана өмір сүрген еді. Жүректерінің табысқанына он жыл толғанда ғана, Динара қалыңдық көйлегін киіп, үйлену тойларын жасады.

Динара Сұлтан, әнші:

- Негізі мен бұрындары айтпайтын едім. Бүкіл құпияны ашпай-ақ қояйын деп. Қазір енді не қалды, ешқандай құпия жоқ. Сый – ол менің балаларым, менің жан жарым.

Жұлдыз Өмірғалиға да ақ көйлек киіп, қалыңдық атану арман! Тек, Айқын сүйіктісінің бұл қалауын қанағаттандыруға асық емес. Олар да мешітте неке қидырып, қосылған жұптар қатарында. Бірақ, жұбайлар түбінде бір тойымыздың болары анық деп жүр.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

- Өзіміз расписались, бірақ үйлену тойын жасамай тұра тұрайық деді. Кейін балаларымызбен жасаймыз деп айтқан болатын.Бірақ, планда бар. Келесі жылы болып қалуы мүмкін.

Әуелі мешітте неке қидырып отбасы болған Дәурен Айдарқұлов пен Ақбота-Нұр, кейінірек кішігірім үйлену тойын жасады. Бірақ, ол кезде жұлдызды жұптың тұңғыштары бір жасқа толып үлгерген еді.

Ақбота Сейітмағамбет, әнші, актриса:

- Негізі Дәурен бұрыннан ұсыныс тастайтын. Мен енді шамалы еркелеп, қырсықтанып, жауабымды айтпай жүрген болатынмын. Енді ортақ баламыз болған соң, елге күлкі болмайық дедік те, екеумізде осы шешімге бел будық.

Бүгінде, олар заңды некеге тұрып, Ақбота-Нұр Айдарқұлова тегін еншіледі. Ғашықтардың бір ұл, бір қызы бар.