«Орда» тобының тағдыры не болмақ, жігіттердің тарайтыны рас па?

Сообщить о проблеме с эфиром

Q pop стилінде «91»-ді барлық жағынан «ЕҢ» еткен әнші, продюсер Ерболат Беделхан екені көпшілікке аян. Күні бүгінге дейін айтылатын сынды өзі қабылдап, бар уақытын жігіттерге сарп етуде. «Ninety One»-ның жұмысына берілгені сонша, кейде жеке шығармашылығын доғарған ба дерсіз?

Қазір «91»-ге бәсекелестік пайда болғанымен, 2000 жылдардың басында құралған «Ордаға» деңгейлес бойзбенд болмаған еді. Себебі, билеп, ән айтып, заманауи музыкамен қазақ аудиториясын алғаш таныстырған да осы «Орда» тобы болатын.

«Орда» тобы:

- Әрбір өнер адамының дүниесі өзінің жасаған әні болсын, мәтіні болсын ұзағынан өмір сүрсе екен дейді. Бізде мақсат сол - әніміз ұзағынан өмір сүрсе екен деп.

Тыңдарманның қалауымен «Кеш мені», «Қағаз кеме», «Белгісіз жан» сынды туындыларының ғұмыры ұзағынан болды. Бір өкініштісі жігіттер жеке жобаларына көңіл бөлеміз деп, «Орданың» шығармашылығы қалып қойған.

Дастан Оразбеков, «Орда» тобының мүшесі:

- Мен қазір Астанада тұрып жатырмын. Сирек кездесіп тұрамыз, сөздің ашығы, жұмыс болса ғана кездесеміз. Мен Астанадан ұшып келем, балалар Алматыдан ұшып келеді.

Сахнада ғана емес, өмірде де кездесулері сиреп кеткен «Ордалықтар» соңғы бейнебаяндарын шамамен 6 жыл бұрын шығарған. Енді жуырда сол арадағы үнсіздікті жаңа бейнебаяндарымен үзбек ниетте екен.

Дастан Оразбеков, «Орда» тобының мүшесі:

- «Орда» менің ойымша әлі жаңа бейнебаян, ән шығарғанда жаңа дүние шығарады. Сондықтанда кезекті рет қалыспайтын шығармын деген ойдамын.

Айта кету керек, музыкалық талғамы жоғары жігіттердің шоу бизнесте жүргендеріне келер жылы 20 жыл толады. Осыған орай, үлкен сахнадан төбе көрсетпей кеткен «Ордалықтар» жеке кештерін ұйымдастырмақ.

Дастан Оразбеков, «Орда» тобының мүшесі:

- Бәрі ақыры күтіп жүр ғой, құпия қылайықшы. Бірақ, міндетті түрде біз өзіміздің жеке шығармашылық концертімізді береміз.

Дегенмен, ағайынды Беделхандар отбасының қара жамылуына байланысты 20 жылдық концерттің кейінге шегерілуі мүмкін. Дастан Оразбековтың арт-директорының сөзіне сенсек, әзірге жеке кешіне дайындық басталмаған. Бірақ, түбінде мерейтойлық концерт болады деп сендіріп отыр.