MTV EUROPE MUSIC AWARDS!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемнің кіл мықты әншілері жылдың ең маңызды музыка мерекесінде бас қосты! MTV Europe Music Awards әдеттегідей, әндерімен оза шауып, табысымен таңқалтқандарға өз жүлдесін табыстады. Биылғы тримуфатор – Тейлор Свифт. Алайда, «үздік видео», «үздік америкалық әнші» аталымын еншілеген ару, шараға қатыса алмады.

Бұл кеште Билли Аилиш пен BTS-те «үздік дебют», «үздік жанкүйер» сынды марапатты қос-қостап қолтықтап қайтуы тиіс еді. Алайда, айтулы кеште, өнерпаздардың қарасы көрінбеді.

Есесіне, NCT 127 бойзбенді жерлестерінің орнын жоқтатпауға тырысқандай! BTS-тың корейлік әріптестері, MTV Europe Music Awards сахнасынан табылған тарихтағы тұңғыш k-pop орындаушылар атанды!

Сондай-ақ, бұл шарада алғаш рет «Рок-икона» жүлдесі табысталды. Мәртебелі марапаттың иегері «Oasis» тобының негізін қалаушы - Лиам Галлахер.

Айтпақшы, Maruv есімімен етене таныс, украиндық ару – Анна Корсун да MTV-дың жұлдыздарға арнап жайған қызыл кілемінде төбе керсеткен еді. Өнерпаз, ресейлік әнші ретінде «үздік орындаушы» марапатын еншіледі.