Қылмыскер күйеуін қорғаштамақ болған Ники Минаждың басы дауға қалды!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ники Минаж басынан сөз асырмайды! Өзіне сын айтқан жанның аузына «құм құюдан» тайсалмасы анық. Бұл жолы Венди Уильямске сөзбен шап берді. Тележүргізуші Никиді қылмыскердің етегінен ұстағанын айтып, тікелей эфирде келеке қылғанды. Көп күттермей, әнші жауабын қатты. «Өткенмен өмір сүретін сендей қуыс кеуделерді аяймын» деп қысқа қайырды сылқым.

Антонио Бандерос та жұбайын жер-көкке сыйғызбай мақтауда! Ауыз толтырып айтарлықтайы бар. Николь Кемпел актерді ажал аузынан аман алып қалған. Жыл басында Антонио жүрек талмасына ұшырап, өмірі қыл үстінде болады. Дәл сол сәтте жанынан табылған жұбайы, дер кезінде қажетті әркеттер жасап, серіні бір өлімнен алып қалған екен.

Виктория мен Дэвид Бэкхемдер ашуға мінді! Жұлдызды жұпқа тұңғыштарының жеңіл жүрісі жақпай қалған. Бруклин соңғы бір аптада сүйіктісімен айырылысып, тағы екі сылқыммен романтикалық кездесуге барып үлегерді. Мұның бәрі әрине папарацци назарында. Ал, жұлдызды ата-ана баласының абыройына нұқсан келетін болды деп алаңдаулы.