Жұлдыздардан пайдалы кеңес! «Ринголық» Данияр Өтегеннің мотивациялық ұстанымы қандай?

Сообщить о проблеме с эфиром

Жұлдыздардың көпшілікке мінсіз көрінуі қалыпты жағдай. Десе де, халық назарында жүріп, талай жанға үлгі болу үшін өнер өкілдері түрлі ұстанымда.

Динара Сұлтан көпбалалы ана атанса да, өзінің сұлулығымен фанаттарын таңдай қақтырып жүр. Әнші жанкүйерлеріне күнделікті спортпен шұғылдансаң ғана мінсіз мүсінге қол жеткізесің деп отыр.

Динара Сұлтан, әнші:

- Әрине өз-өзіңді күту, спортпен айналысу керек. Бала тудым ғой, одан кейін бір жыл жүріп қалдым, ой мен арықтай алмаймын. Сондай әңгімелер көп болып жатады мысалы аналарда. Менің инстаграм парақшамда көбінесе жас аналар, соларға кеңесім өзіңізді ұмытпай бала тусаңыз да тумасаңыз да өз өзіңмен айналысу, өз өзіңді күту.

Қыздарға кеңес беруде актриса Альмира Тұрсында алдына жан салмайды. «Томирис» фильмінде Тұмар патшайымды сомдап, көрерменнің көңілінен шыққан бикештің негізі мамандығы - коуч-тәлімгер. Сондықтан да сылқым, психологиялық кеңес беруден жалыққан емес.

Альмира Тұрсын, актриса:

- Арман болу, мен дұрыс деп айтайын. Әр адамның бір жүрегінде арманы бар. Соған сеніп, соған тырысып, мақсат болып жүрсе ол өте жақсы. Содан мақсатынан ешқашан, жолды таймай жүретін бірнеше ондай кеңесімді беремін.

«Ринго» тобының әншісі Данияр Өтегеннің ақылына жүгінетін жандар жетерлік. Сері, өнер жолының қиындығына қарамастан, күн тәртібін қатаң бақылауда ұстауға тырысады.

Данияр Өтеген, әнші:

- Түнде ұйықтау керек және де дұрыс тамақтану керек, спортпен шұғылдану керек ол бір. Өзіңе жақсы шабыт беретін, өзіңнен жақсы адамдармен араласуға тырысу керек, себебі өзіңнен жетістігі мол тәжрибесі мол адамдармен аралассаң сен оларға тартыласың, сол кезде міндетті түрде сен де өсесің.

Өнер өкілдері өздері айтқан мотивациялық кеңестерінің, өзгеге пайдасы тисе екен дейді.