«The Hollywood Film Awards -2019»!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Оскар» қарсаңында, киномарапаттар мауысымының көркі қызуда! Бұл жолы селебрити 23-ші рет өткізіліп отырған «The Hollywood Film Awards» салтанатында бас қосты. Кеш әдеттегідей қызыл кілемдегі жұлдыздардың шеруінен басталды.

Оливия Уайлд, актриса, режиссер:

- Кеш қонағы қатарынан табылғаныма қуаныштымын! Кино саласында әрі актриса, әрі режиссер, әрі продюсер ретінде жүргендіктен, бұл шараға қатысуым да орынды шығар.

Оливияны бұл шарада тосын сый күтіп тұрған еді. Сылқым, «Booksmart» картинасындағы еңбегі үшін «режиссурадағы жаңа есім» жүлдесін қанжығалады.

Шарлиз Терон болса, киносаласына қосқан үлесі үшін арнайы марапатты еншіледі. Жүлдені табыстау Николь Кидманға бұйырыпты.

Шарлиз Терон, актриса:

- Николь менің кумирім. Оның қолынан жүлдені аламын, киномансабым дәл осындай болады деп, еш ойламаған едім. Қуаныштымын!

Ал, Дакота Джонсон мүсіншені өзінің өгей әкесі Антонио Бандерасқа сыйлады. Майталман киногер «Даңқ пен дерт» лентасындағы ойынымен «үздік актер» аталымына лайық.

Анотонио Бандерас, актер:

Фильмнің режисерімен достығымыз 40 жыл бұрын басталған еді. Бірге жүріп 8 фильм таспалаппыз. Менің шеберлігімді шыңдай түскен, режиссерге рахмет.

Осылайша, бұл кештен құр алақан қайтқан киногерлердің қарасы аз болды. Ал, мәртебелі жүлдені еншілей алмағандар көңілдерін түсірмек емес. Себебі, «Оскарға» дейін актерларды әлі талай марапаттар күтіп тұр.