Отандық актерлар пікірінше Қазақстанның ең үздік режиссері кім?

Сообщить о проблеме с эфиром

Кинонарықта фильмдердің көрермен көңілінен шығуы режиссердың жұмысына тікелей байланысты.

Осыған орай, кино әлемінде жүрген актерлар қауымынан «ең үздік режиссердың» кім екенін анықтап көрген едік.

Аян Өтепберген, актер:

- Сен үшін ең мықты режиссер кім Қазақстанда?

- Әр режиссердің бір изюминкасы болу керек, мынау режиссердің ерекшелік фишкасы бар, сондықтан мен ойлаймын енді, Ақан аға бастаған топ, Рашид аға бастаған топ, мен мынау бірінші жобада жұмыс істедім. Дубльді ұнатпайды, мынау дұрыс емес, мен өтірік айтпай-ақ қояйын бір крупный план, төрт дульбсіз болмайды.

Алғаш рет Рашид Сүлейменовпен бірге «Зеркала» фильмінде бірге жұмыс істеген Аян Өтепберген режиссердің жұмысына тәнті болғанын жасырмайды. Актер жас мамандардың да еңбегін жақсы бағалап отыр.

Аян Өтепберген, актер:

- Дархан деген режиссер бар, жас жігіт, 93-ші жылғы. Сол ұнайды жастардан, содан кейін кім Тимур Бекмамбетовке ұқсайды, Ерлан аға бар жақсы.

Аян бөліп жарып атаған жас режиссер Дархан Түлегенов. 25-ке енді толған бозбала «Маршрут» атты қысқаметрлі туындысымен бірнеше кинофестивальдерде жүлдеге ие болған.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Женісхан өзің үшін ең үздік режиссер Қазақстандағы?

- Қазақстанда, біреу деп айтқпай-ақ қояйық, Ақан ағамыз бар, Ақан Сатаев бар, Әбдірашев бар, көп қой. Сатыбалды Нарымбетов бар ағамыз, номер один ол өмірден өтіп кеткен Шәкен Айманов сол.

Жеңісхан Момышев әріптес аға буынның еңбектерін бақылап жүреді. Басты мақсаты - өзіне тәжірбие жинау.

Жеңісхан Момышев, режиссер:

- Шетелдік фестивальдерде орын алып жүрген, нәтиже көрсетіп жүрген режиссерларды білесің ба? Олар туралы не айта аласың?

- Әділхан по-моему, Әділхан бар, Эмир Байғазин. Олар барып жүр, олар енді ол кісілерді мен білем қазір оларда коммерцияға келе жатқанын. Өйткені авторский кино оған бізде келеміз.

- Екі жақта қажет дейсің ғой? Байқауға арналған фильмдер және коммерциялық фильмдер?

- Ия, ия. Өйткені, коммерческий кино это способ зарабатование, ал авторское кино ол өзінің ішкі дүниеңді айтып беру.

Жеңісхан болашақта авторлық кино түсіруге құлықты. Ал, Гүлназ Жоланова үшін үздік режиссер - Ақан Сатаев.

Гүлназ Жоланова, актриса:

- Қазіргі уақытта, бірінші деп, киноларының масштабына қарай, кинолардың деңгейіне қарай, ол Ақан Сатаев. Жұмысына қарай, киноларының қаншалықты сапалы деңгейіне қарай бірінші.

Кино әлемінде шамшырағын жаққан Ақан Сатаев Артур Төлепов үшін де көшбасшы!

Артур Төлепов, актер:

- Енді әрбір режиссердің өзіндік стилі бар. Өзінің қолтаңбасы бар. Бірақ енді, көп халықтың жүрегінен орын алып жүрген ол, бірден бір Ақан Сатаев деп ойлаймын. Тарихи, боевикте түсіріп жүр, оның продюсерлігімен комедиялар да түсіріліп жүр. Сондықтан жан-жақты режиссер.