Баян Алагузова fashion тақырыпта картина таспалауда!

Сообщить о проблеме с эфиром

Камшат пен Алтынай Жолдыбаеваларға картинада мардымды рөл бұйырмағаны рас па?

Нұрсұлтан Есжан,тілші:

- Біз қазір әйгілі продюсер Баян Алагөзованың кезекті фильмінің түсірілім алаңындамыз. Туынды «Пышка» деп аталады. Мұнда сұлу қыздар өте көп.

Алайда, айна алдына жайғасқан арулар арасында актер, тележүргізуші – Қайрат Әділгерей де бар.

Қайрат Әділгерей, тележүргізуші, актер:

- Қайреке, түріңізді көрсетіп қойыңыз. Қалдарыңыз қалай?

- Жақсы құдайға шүкір.

- Кедергі жасамадық па? 1-2 ауыз сұрақ қойсам бола ма? Қайрекең инстаграмға кіріп кетіпті, қанша подписчик бар?

- 357 мың. Құдайға шүкір, ақ адал абыройыммен, еңбегіммен жинағам. Ешқандай сатып алғаным жоқ.

- Сатып алған жоқсыз ба?

- Қазір бір-біріне сенбей жатыр екен ғой әртістер.

- «Пышка» деп аталады иә фильм.

- «Я пышка».

- Ұқсамайсыз.

- Жоқ мен сол пышкалардың фитнес тренер, инструкторымын. Пышкаларды төмен түсіріп, азайтып, әдемі қылып шығарушымын.

Назым Карпыкова, диазайнер:

– Менің жанымда қазір «Аруназ» сән үйінің негізін қалаушы, дизайнер – Назым. Сіз Баян Алагузовамен бірге «Пышка» атты көркемдік фильмге продюсерлік етіп жатырсыз. Солай ма?

- Иә.

- Бірігіп түсіріп жатырсыздар ғой?

- Бірігіп түсіріп жатырмыз. Бүкіл осы кинода киіліп жатқан киімдердің бәрі менің жұмысым. Ал, басқа творчестволық процестерге Баян Мақсатовна өзі ат салысып жатыр.

– Сізге Баян Мақсатқызының өзі ұсыныс жасады ма?

- Баян Мақсатовна екеуіміз бір жыл бұрын бір әңгіме болған. Енді көптеген кинолар түсіріп жатырсыз, неге осы сән әлеміне қатысты кино түсірмеске деп. * Сосын содан кейін отырып біз осындай шешімге келдік.

– Сіз қандай фильмге демеушілік жасап жатқаныңызды білесіз бе? Фильм не туралы?

- Иә әрине, білемін. Бұл тігінші қыз туралы. Кейін бұл тігінші қыз мықты бір дизайнерлердің біріне айналады.

- Сіз сияқты.

- Құдай бұйыртса, иә.

Бас продюсер – Баян Алагөзованың өзі де, түсірлім алаңынан табылды. Киногер, бұл сәттері қызу жұмысқа кіріскен.

Баян Алагузова, продюсер:

– Бізге алдында айтқан болатынсыз, толық қыз түседі дегенсіз. Қалай болды, сіздер сол межеге жеттіңіздер ме? Сіздер қалаған сол килограмды жинады ғой?

- Жақында ғана толықша келген арулармен түсірілім болды. Онда артық салмақты сұлулырдың шеруі болды десек артық болмас. Ал, біздің «пышка» нағыз талапқа сай. Біз оны Ақтөбеден таптық, кастингтен өтті. Айтпақшы, ол Америкада актерлік мамандық бойынша білім алған.

- Жігіт таптыңыздар ма?

- Қандай жігіт?

- Басты рөлге?

- Басты рөлге жүр ғой әне, Тәуекел Мүслім.

- Аааа басты рөлге Тәуекел Мүслім ба? Шашын негізі өсіріп алған иә? Инстаграмда көп жазып жатыр, не үшін өсіріп алған, жасанды шаш па деп. Образы қандай Тәуекелдің?

- Тәуекел сән үйінің иесі кейіпінде. Оның бүкіл бұрыңғы образдарын қарап шығып, Тәуекелді өзгерту керек деп шешетік. Себебі, ол барлық жерде бірдей. Ойлана келе, шашын өсіруді жөн көрдік. Қазір ол нағыз «шетел».

– Иә, бәрінің назары қазір оның шаш үлгісіне ауып жатыр.

- Ал ол бюджетті талап етеді!

- Шашқа ма?

- Шаш өсіру арзан тұрмайды.

Айтпақшы, Тәуекелге лентада «Мақсат Баянов» деген есім бұйырған. Актер жаңа есіміне де, ерекше образына да дән риза.

Тәуекел Мүслім, актер:

-Образ ұнайды, өзгеріп тұрған дұрыс деп ойлаймын.

- Түсірлім қалай болды? Жеңіл ме?

- Жақсы, жеңіл түсірілім ешқашан болған емес, болмайды да. Жалпы шебер профессионалдармен жұмыс істегеннің арқасында, қызықты өтеді.

- Сәнгерлердің қандай жандар екенін сезіне білдің ба?

- Енді өзім бұрыннан бері сән әлемінде болғаннан кейін, жалпы актерлыққа, шоу-бизнеске келуімнің бастамасын да сәнгерліктен бастадым. Сол себептен бейтаныс емес, танимын білемін.

Ал, Тәуекелдің картинадағы серіктесі – бас кейіпкер «Пышканың» жүзінен қобалжу әсте байқалмайды.

Назерке Назарова, актриса:

– Назерке, сіз актрисасыз ба?

- Иә, АҚШ-та, Лос-Анджелес қаласында, Нью- Йорк фильм академияны бітіргенмін.

- Бұған дейін сізді көрмегенбіз үлкен жобалардан.

- Жоқ, бұл менің ең алғашқы жобам.

- Алғашқы жоба және салмақ қосу керек болды? Қанша келі қостыңыз?

- Мен негізі 92 килограм болдым ең басында, кастингке қатысар алдында. Қазір 101 де 7 ғой. Негізі ұяламын айтуға.

– Назерке, бірден келісіміңді бердің бе, рөл туралы талабын естігенде Баян ханымның?

- Иә, ондай қатты талап болған жоқ.

- Шоколад көп же деді.

- Шоколад көп же деді, мен бургер көп жедім, донер.

- Жақсы көресің бе сол тамақтарды.

- Ешқандай күнәсіз, рахаттанып, әр дәмін сезініп, мынау болмайды-ау демедім.

- Жұмыс қой деп па?

- Иә, жұмыс қой, керек қой солай деп.

Түсірім алаңынан сондай-ақ, Кәмшат пен Алтынай Жолдыбаева бастаған өнер өкілдері табылды. Алайда, жұлдыздардың бәрі эпизодтық рөлде төбе көрсетпек. Алагөзованың айтуынша, картина 18-ден жоғары жастағы көрерменге арналмақ. Фэшн тақырыпты негіз еткен лента, келесі жылы жарық көреді деп күтілуде.