«Операция Гүлдер!» Айқын экшн-комедия жанрындағы туындысына 60 миллион теңге жеке қаржысын жұмсамақ.

Сообщить о проблеме с эфиром

Айсара Бисенова, тележүргізуші:

- Айқын Төлепберген – енді кинопродюсер! Дәл қазір біз әншінің тырнақалды картинасының түсіріліміндеміз. Барлық киногерлерге ортақ «тәрелке сындыру» дәстүрінің де куәгері атандық.

Дәл бүгін Айқын Төлепберген алғашқы фильмін таспалауға кірісті. Әнші, кино саласындағы тың туындысына - «Операция: Гүлдер» атауын берген.

Айқын Төлепберген, әнші:

- Айқын, әншіліктен бөлек киноға бет бұрыпсыз?

- Енді кинода, әншілікке жақын, сала ғой. Себебі, 16 жыл бойы сахнада жүрміз, бейнебаян түсіреміз. Жылына 1-2 түсіреміз. Бүкіл түсірген бейнебаяндарын қосып қосып, қазір уақыт бойынша санасақ өзі бір кино сияқты болады екен. Сондықтан бұл да бізге жат сала емес.

- Ал, продюсер ретінде айтыңызшы мынау картинаның бюджеті қандай?

- 60 миллиондай где то, әзірге 60 млн деп тұрмыз. Жетсе жетеді, жетпесе одан да ары қарай өсетін шығар.

- Кредит аласыз ғой?

- Кредит алмаймын, кредит алмаймыз жиған тергеніміз бар. Кредитқа кино түсіргенше түсірмей-ақ қойған дұрыс қой.

-Басты рөлде өзіңіз және жұбайыңыз? Неге?

- Басында өзім түспеймін деп ойлағанмын, жәй продюсер боламын деп. Бірақ жаңағы кинотеатрлармен сөйлесе келе, прокатчиткармен, басқа продюсерлермен сөйлесе келе, олардың айтуы бойынша, киноны өзің түсіретін болсаң, міндетті түрде өзің түс деді. Сөйтіп өзім киноға түсіп жатырмын.

Айқын мен жары Жұлдыздан өзге лентада, Құмар Лұқманов, Гүлнәр Сильбаева сынды КВН жұлдыздары бой көрсетеді. Картина экшн-комедия жанрында болмақ.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

- Жұлдыз, сені Айқын осы рөлге кастинг арқылы қабылдады ма?

- Мммм, жоқ. Кастинг арқылы қабылдаған жоқ. Бастапқыда идея келген уақытта, сен және мен ойнаймынмыз деді. Содан бері, рөл менікі!

-Лентадағы образың жайлы айтып берсең?

- Ол кейіпкерім де аты Жұлдыз. Сценарий өте қызықты. Сценарийде Жұлдызды батыл ретінде көрсеткен. Өзінің айтқанымен жүретін, жалпы өзіме ұқсайды.

-Енді кинода түсіп жатсың, гонорарың бар ма?

- Жоқ. Ол сұрақты Айқын мырзаға қойсаңыздар болады.

- Айқын мырза, неге гонорар құрмағансыз Жұлдызға?

- шв: Айқын: Күнде алып жүр ғой гонорарын!

Қос ғашықты кинода да сомдайтын Айқын мен Жұлдыздың барлық уақыты

түсірілім аланда өтіп жатыр. Дегенмен, жұлдызды жұп балаларын қараусыз қалдырмақ емес.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

- Сәбилерді кіммен тастап кеттің? Өйткені, енді түсірілім алаңында өте көп уақыт өткізесің?

-Қазіргі уақытта күтуші бар, няночкамыз. Сол кісі қарап жатыр. 2 балаға, таңғы алты жарымда шақырып алдым.

Су жаңа лентаның тізгіні – Дархан Саркеновте. Ол бұған дейін «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» телехикаясын, «Ұлы дала комедиясы» және Нұрлан Қоянбаевтың жуырда жарық көретін «My love is Aisulu» фильмдеріне режиссерлік еткен-ді.

Айқын Төлепберген, әнші:

- 8-ші наурыз «Халықаралық әйелдер күні!» арналған осындай туындыны таспалау кімнің идеясы?

-Негізі өзімнің идеям. Басында 8-ші наурызға байланысты кино түсірейін дедім да. Бірақ 8-ші наурыз, бір күн ғой, сондықтан бір күн ғана болмас үшін. Жалпы көктем туралы кино.

- Күтіңіздер, көріңіздер, НТК-ны қосыңыздар!