«Forbes» ең бай актрисалардың рейтингін жасады!

Сообщить о проблеме с эфиром

«Марвел» кино әлемінің жарық жұлдызы - Скарлетт Йохансон «Forbes» басылымының пайымымен жылдың ең табысты актрисасы атанды! Сылқым 12 ай ішінде - 56 миллион долларды қалтасына басқан.

Өнер иесінің әріптестерін оза шауып, «ең дәулетті» атануына «Марвелдың» үлесі зор екені жасырын емес. Одан бөлек, актрисаға соңғы уақытта режиссерлар бірінен кейін бірі толассыз ұсыныстар түсіріп жатқан көрінеді. Ал, Скарлет төбе көрсеткен соңғы «Сәтсіз неке» лентасының тұсауы Венеция кинофестивалінің өзінде кесілген еді.

Табыстылар тізімінде, екінші орынға София Вергара жайғасты. Сәнбике әрі актриса өткен жылы да, қалтасы қалың бикештер қатарынан табылған еді. Өнер иесінің биылғы жылы жиған қаржысы – 44 миллион доллардан асады екен.

Ал, Риз Уизерспуннің бұл жылы 35 миллион долларға жуық қаржымен қанжығасы майланған. Актрисаның табыс көзі – өзге әріптестері сынды толықметрлі картиналар емес, көбінесе телехикаялар.

Сондай-ақ, «Forbes» ұсынған бұл тізімнен 34 миллион доллармен Николь Кидман және 28 миллионмен Дженнифер Энистон да табылды.