Алек Болдуин екінші сәбиінен көз жазып қалды! Шақалақ іште шетінеп кеткен.

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық режиссер Алек Болдуиннің отбасында қайғылы оқиға орын алды. Актердің 35 жастағы жары тағы түсік тастаған. Іштегі нәресте төрт айлық болыпты. Осыдан жарты жыл бұрын шақалағы шетінеп кеткен Хилари, бұл жолы ішкі күйзелісін жасырып қала алмады. Инстаграмға 6 жасар қызымен бірге видео жүктеген ол, жан сырымен бөліскен. Ең қызығы Алек жұбайының бұл хабарын желіден көрген.

Меган Марклдың жақын күндері екінші рет ана атануы мүмкін бе? Патшалықтың Альберт Холды еске алу кешінде герцогиня кең етекті көйлек киіп, алақанын ішіне қойып алған. Бұған қарап БАҚ өкілдері оны жүкті деп топшылап отыр. Бірақ қуанышты хабарды сүйіншілеуге әлі ерте сияқты. Себебі, жарты жыл бұрын ғана ана атанған Маркл әлі мінсіз мүсінін қайтарып үлгермеуі де мүмкін.

Кейт Хадсон бесінші рет ана атануға дайындалып жүр! Қырықтың қырқасына келген актриса бұл жаңалығын жары Дэнни Фудзикавамен бірге желіде жариялаған. Ал, оларды оқырмандары жаппай құттықтап жатыр. Тіпті Кейт сәбиге есім таңдап қойғанын, тек оны уақыты келгенде айтатынын жеткізді.