BILLBOARD 200 үздіктері!

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге әйгілі, ең беделді «Биллборд» музыкалы басылымы жаһан бойынша «үздік» атанған альбомдар тізімін жасақтайды. Бұл жолы Канье Уэст бірінші! Хип-хоп орындаушының «Jesus Is King» жинағын жұрт таласа тыңдап жатса керек.

Музыканттың бұл үнтаспасы діни тақырыпта жазылған. Онда әртістің шіркеу орындаушыларымен бірге шырқаған туындылары да жетерлік. Жинақ бірнеше жыл бұрын тыңдарманға жол тартуы керек еді. Алайда, тұсаукесер сәті жуырда ғана түскен сыңайлы.

Post Malone болса, Биллборд тізіміндегі өз орнын оңайлықпен өзгеге бермек емес! Музыканттың «Hollywood's Bleeding» жинағы жарық көргелі, альбом музыкалы чарттардан түспей жүр. Еске салсақ, өткен жылы серінің «rockstar» трегі де дәл осылай, ұзақ уақыт хит болған еді.

«Rex Orange County» есімді әртіс туралы естуіңіз бар ма? Өнер әлеміне жаңадан қадам жасаған жас әнші, майталман муызыканттармен бәсекелес атануға құлықты! Ол өзінің «Pony» атты альбомы арқылы Билли Айлиш пен Тейлор Свифтке шаң қаптырды! Осылайша, поп oрындаушы үздік үштікті тұйықтайды!